Партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісіне депутаттыққа, және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 223 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық Әділет басқармасында 2007 жылғы 18 шілдеде № 5-9-67 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағын орындау барысында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Қазақстан Республикасы Заңының 31-бап 2-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының және кенттер мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының ұсынысын қарап, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Партиялық тізім бойынша сайланатын Парламент Мәжілісіне депутаттыққа, және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын келесі мекенжайларға орналастыру орыны белгіленсін:

      Глубокое кенті - Степная көш. № 51 және 53 үйлерінің арасына, Ленин көш., 64, "Грета" ЖШС ғимараты, Берестев көш., 12 № 5 дүкені, Пирогов көш., 15, "Элегант" базарының жаны;

      Белоусовка к. - "Аленка" сауда орталығы; Фабричная көш., "Зарница" ЖМ асхана ғимараты;

      Белокаменка ауылы - Центральная көш., "Вертеев" дүңгіршегі;

      Ново-Михайловка ауылы - № 42 Л. Г. Бердникованың үйінің жаны;

      Пладиновка ауылы — Байғалиев дүкенінің аумағында;

      Алтайский кенті - Юбилейная көш., "Горняк" мәдениет үйі ғимаратының алды;

      Верхнеберезовский кенті - Школьная, Стадион аялдамалары, соңғы аялдамада; Больничная көш., ОДА; байыту фабрикасының бас корпусы; Алейская көш., көпқабатты үйлердің жаңы;

      Предгорное ауылы - Киров көш., 47 байланыс ғимараты, Шоссейная көш., - ЖК Катасоновтың "Поворот" дүкені;

      Перевальное ауылы — Садовая көш., 22 — ЖК Хуртиннің <<Tройка>> дүкені;

      Березовка ауылы - Юбилейная-2 көш., "Алтай-Жәрдем" ЖШС ғимараты; Ленин көш., 26а, А. К. Омарғалиеваның дүкені;

      Красная Заря ауылы - № 26 үй, ЖК П. И. Тимофеевтің сауда дүңгіршегі;

      Веселовка ауылы - Гагарин көш., 44, мектеп ғимараты; Гагарин көш., 46. пошта ғимараты;

      Заречное ауылы - Центральная көш., "Мария" дүкенінің жаны;

      Кожохово ауылы - Молодежная көш., "Центральный" дүкені, "Школьный" көш., "Шыңғыс" дүкені; Ленин көш., 14, "Глухих және К" ЖШС кеңсесі;

      Прогресс ауылы - Киров көш., 10, Прогресс ОМ ғимараты; Киров көш., Мәдениет Үйі ғимараты; Абай көш., "Егеубаев" дүкені;

      Прапорщиково ауылы - Школьная көш., 26, "ЯНГО" ЖШС орталық қойма ғимараты;

      Уварово ауылы - Ленин көш., - 9, ауылдық қлуб ғимараты;

      Краснопартизанское ауылы - дүкеннің жаны;

      Черногорка ауылы - дүкеннің жаны;

      226 км жолайрығы - ЖК Б. Табарова дүкенінің ғимараты;

      Опытное Поле ауылы - Нагорная көш., 3, ШҚ АШГЗИ кеңсесінің алды; Степная көш., 2, Мәдениет Үйінің ғимараты;

      Бобровка ауылы - Профсоюзная көш., 34, "Демалыс орталығы" ғимараты;

      Солнечный ауылы - Мир көш., 1, ОХ "Масличных культур" басқармасының аумағында;

      Ушаново ауылы - Школьная көш., 1а, мектеп ғимараты;

      Степное ауылы - Школьная көш., 17, мектеп ғимараты;

      Каменный Карьер ауылы - дүкеннің алаңы жанында;

      Секисовка ауылы - Совхозная көш., 6, кітапхана ғимаратының алаңы; Шоссейная көш., 18/1 автобекетте; Чапаев көш., 52, наубайханада; Шоссейная көш., 36, ауыл орталығының алаңында; Новостроевская көш., мектептің жаны;

      Быструха ауылы - Новостройка көш. және Советская көш. қиылысында; "Хуторянка" дүкенінің аумагында; Ленин көш., "Нива" дүкені; Юбилейная көш., "Рассвет" дүкені;

      Зимовье ауылы - обелиск - ескерткіш аумағы;

      Малоубинка ауылы - Клиновицкий көш., 1 мектеп ғимараты, Клиновицкий көш., 6, ауылдық қлуб ғимараты, Клиновицкий көш., 50, ЖК Рахманқұлов дүкенінің жаны; Мысовая, көш., "Убинка 21" ЖШС астық қырманьі;

      Маховка ауылы - "М. Лысенко" ш/қ дүкені;

      Волчиха ауылы, "ФАП" ғимараты;

      Карагужиха ауылы - мектеп ғимараты;

      Черемшанка ауылы - Лениногорская көш., 74, автобекетте; Гагарин көш., 12, Мәдениет Үйі; Вокзальная көш., теміржол вокзалы;

      Тарханка ауылы - Степная көш., 60, Мәдениет Үйі;

      Винное ауылы - Ворошилов көш., 15, мектеп ғимараты;

      Ново-Ульбинка ауылы - Абай көш., - пошта ғимараты;

      Г-Ульбинка ауылы - Шоссейная көш. - 15, пошта ғимараты;

      2. Кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері тиісті сайлау комиссияларымен бірігіп үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру үшін қабырғалармен, жарнама қалқандарымен, қысқа бағаналармен жарақтандырсын.

      3. Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы А.А.Баймульдиновқа жүктелсін.

      Глубокое ауданының әкімі Д. Бейсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады