Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы»2004 жылғы 15 маусымдағы 136-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 8-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5102 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 126-ө-м бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.03.2013 № 126-ө-м бұйрығымен (01.05.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан қараңыз.

      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1.»"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы  N 136-ө бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2940 тіркелген,» "Юридическая газета" газетінде 2007 жылдың 22 тамызында N 128 (1331) жарияланған, нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4853 тіркелген»"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 11 шілдедегі  N 153-ө бұйрығымен өзгерістер енгізілген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанында:

      "жұмыстан айрылу жағдайына" деген сөздерден кейін»", жүкті болуы, босануына байланысты табысынан айырылуы жағдайына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылуы жағдайына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "23" деген саннан кейін»"23-1, 23-2" деген сандармен толықтырылсын.

      2. Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру департаменті (Тоқсейітова Г.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қарым-қатынасқа қатысты қолданылады. 

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады