Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 9 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 3 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5156 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасындағы банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4070 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 115  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4681 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Сәйкестендіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 167  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4847 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 12 қыркүйекте жарияланған, N 139 (1342)) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және жинақтаушы зейнетақы қорының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және қызметінің ережесінде:
 

      Кіріспедегі, 1-тармақтың 1) тармақшасындағы, 3-тармақтың 2) тармақшасындағы, 7-тармақтың бірінші абзацындағы, 8-тармақтың бірінші абзацындағы, 9-тармақтың 5) тармақшасындағы, 10-тармақтың 4) тармақшасындағы, 25-тармақтың 4) тармақшасындағы, 26-тармақтың 7) тармақшасындағы "қайтарып алу туралы", "қайтарылған", "қайтарып алуға байланысты" деген сөздер тиісінше "айыру туралы", "айырған", "айыруға байланысты" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      7-тармақта:
      1) тармақшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі шығыстарын, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, жинақталған зейнетақы қаражаттарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударым жасауға;";
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "пайда болған cақтандыру жағдайына байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығыстарына;";
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылардың/алушылардың өтініштері негізінде жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасау жөніндегі өтініштерін қабылдауды тоқтатады;";
 

      12-тармақта:
      6) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) басқа шығыстар.";
 

      13-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Еңбекақы төлеуге қатысты шығыстар сметасын қалыптастыру кезінде есеп айырысулар жасалған жеке еңбек шарттарына, еңбек келісімдеріне, қызмет көрсету шарттарына және жұмысқа қабылдау бұйрықтарына негізделеді.";
      үшінші абзац алынып тасталсын;
 

      18-тармақтағы "(уақытша әкімшілік құрамына енгізілген уәкілетті орган қызметкерлерін қоспағанда)" деген сөздер алынып тасталсын;
 

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
      "19-1. Мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс басқа шығыстар осы Ереженің 12-тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделмеген шығындарды білдіреді.";
 

      25-тармақтың 5) тармақшасындағы "уәкілетті органмен келісілген" деген сөздер "екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым белгілеген" деген сөздермен ауыстырылсын;
 

      26-тармақта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) сақтандыру жағдайы басталған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы шешім заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады және ол бойынша сақтандыру төлемдері жасалады;";
      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "8) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым белгілеген нысандар бойынша мәліметтер мен ақпаратты ұсынады;";
      9) тармақшадағы ";" деген тыныс белгісі "." деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      10) тармақша алынып тасталсын;
 

      27-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) салымшыларға Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ресми баспасөз басылымдарында лицензияны айырып алу туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратты хабарландыру жариялау арқылы мәлімет үшін жібереді. Хабарландыруда уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімін қабылдаған күні, сондай-ақ салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына оның таңдауы бойынша уақытша әкімшіліктің аударым жасауы туралы ақпараты, таңдау туралы уақытша әкімшіліктің республикалық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайтын ақпараты болуы тиіс;";
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорынан лицензияны айырғандығы туралы шешімінің көшірмесін және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымда және банктік шоттары бар банктерде, сондай-ақ кастодиан банкте уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешімдерінің көшірмелерін береді;";
      5) тармақшада:
      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "салымшының (алушының) адресі, мекен-жайы, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық түсімдер сомасы туралы мәліметтер;";
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "басқа жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталған зейнетақы қаражаттарын аударым жасауға өтініш берген салымшылардың (алушылардың) тізімін;";
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "зейнетақы активтері орналасқан басқа қаржы құралдарының сомасын, санын және тізбесін;";
      мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "міндеттемелер сомасын, оның ішінде қате есептелген соманы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктің, жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы сомасын, өзге міндеттемелерді.";
      9) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      "10) республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялау арқылы олардың жинақталған зейнетақы қаражаттарының аударым жасалатын жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау туралы ақпаратты салымшыларға мәлімет үшін жібереді.";
 

      28-тармақ алынып тасталсын;
 

      28-1-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салымшылардың/алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аударым жасауды уақытша әкімшілік уәкілетті органмен келісе отырып, уақытша әкімшілікпен, қабылдаушы қормен, осының алдындағы және жаңа кастодиан банкпен және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдармен арада жасалатын зейнетақы активтерін беру туралы келісім және қабылдау-өткізу актісі негізінде жүзеге асырады.";
      екінші, үшінші, төртінші абзацтардағы "таратылатын" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "соңғы он екі ай ішіндегі зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жасау жөніндегі жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыруы;";
 

      29-тармақта:
      жетінші, сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "зейнетақы активтері орналасқан басқа қаржы құралдарының сомасын, саны және тізбесін, міндеттемелер сомасын, оның ішінде қате есептелген соманы, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан банктің, зейнетақы активтерін қабылдайтын жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақы сомасын, өзге міндеттемелерді;
      мынадай ақпараты бар міндетті, ерікті, ерікті кәсіби жарналар салымшыларының тізімі:".
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
 

      3. Қаржы ұйымдарын тарату департаменті (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
 

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

       Төрайым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады