Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын реттеу Агенттігінің жүзеге асыруын бекіту туралы Нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 13 ақпандағы N 02-02/27 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 5 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5160 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 274 қаулысымен

      Сноска. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 11.12.2013  № 274қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабына, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  328-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодекстің  550-бабын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын реттеу Агенттігінің жүзеге асыру Нұсқаулық қосымшаға бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төрағаның бағыттаушы орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап, жеті күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін  
реттеу Агенттігі Төрағасының    
2008 жылғы 13 ақпандағы N 02-02/27 
бұйрығымен бекітілген       

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын
мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығын реттеу Агенттігінің жүзеге асыруын
бекіту туралы Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын реттеу Агенттігінің жүзеге асыру Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  328-бабын және "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының 2-тармағының 5) тармақшасының қолдануын егжей-тегжейлі көрсетеді.

      2. Осы Нұсқаулықта белгіленген ұғымдар мен анықтамалар еңбек заңнамасына сәйкес қолданылады.

  2. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қатысушыларының Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының
сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруы

      3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының (бұдан әрі - қатысушылар) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды Агенттіктің бірінші басшысы не оның орнын басатын тұлғаның бұйрығымен анықталатын Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

      4. Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлға қызметтік міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" Кодекстің, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қатаң басшылыққа алады.

  3. Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаның қызмет
қағидалары және негізгі міндеттері

      5. Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаның қызметі заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік, жариялық, қатысушылармен тартылған жұмысшылардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау қағидалары негізінде жүзеге асырылады.

      6. Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаның негізгі міндеттері:
      1) қатысушылардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
      2) қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қатысушылар мен қызметкерлердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.

  4. Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаның
құқықтары мен міндеттері

      7. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаның:
      1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында қатысушыларда кедергісіз болуға;
      2) өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды, түсініктерді, ақпараттарды қатысушылардан сұратуға және алуға;
      3) қатысушылар орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар қолдануға;
      4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
      5) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзу, Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаның актілерін қатысушылардың орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдары мен соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдар жіберуге;
      6) еңбек жөніндегі уәкілетті орган белгілеген талаптарда көзделген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      8. Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғасы:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) қатысушылардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді уақытылы және сапалы жүргізуге;
      3) анықталған еңбек заңнамасын бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы қатысушыларды (олардың өкілдерін) хабардар етуге, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде ұсынулар енгізуге;
      4) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қатысушылар мен қызметкерлердің өтініштерін уақытылы қарауға; 
      5) еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге;
      6) еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға;
      7) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
      8) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
      9) өз құзыреті шегінде еңбек жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын қатысушылардың бұзу фактісі туралы мәлімет беруге;
      10) әрбір тоқсан сайын еңбек жөніндегі уәкілетті органға қатысушылардың Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын орындалуы мән-жайлары туралы ақпаратты табыс етуге міндетті.

  5. Қатысушылардың Агенттіктің өкілетті лауазымды
тұлғасы бақылау жүргізген кездегі іс-әрекеттері

      9. Қатысушы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
      1) жүргізілген тексеру актілері бойынша Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғасына түсініктемелер беруге;
      2) егер жүргізілетін тексеру нысанасына қатысы болмаса, мәліметтер мен құжаттарды бермеуге;
      3) тексеру нәтижелері туралы актіге және Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.

      10. Қатысушы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:
      1) Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаның тексерілетін объект аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін (болуын) қамтамасыз етуге;
      2) тексеру жүргізетін Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаға тексеру нәтижелері туралы актіге қоса тіркеу үшін қағаздағы және электрондық тасығыштардағы құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сәйкес автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуіне мүмкіндік жасауға;
      3) Агенттіктің өкілетті лауазымды тұлғаның актілерін орындау үшін қабылдауға және актінің екінші данасына оны алғаны туралы тиісті белгі жасауға міндетті.

  6. Қорытынды ережелер

      11. Осы Нұсқаулықта көрсетілмеген өзге де ережелер Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады