Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.07.2023 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары;
3) алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.01.2017 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Түймебаев |
Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрінің | |
2008 жылғы 18 наурыздағы | |
№ 125 бұйрығына | |
1-қосымша |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары
Ескерту. Үлгі қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.07.2023 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:
1) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;
2) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;
3) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау – бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында педагог жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;
4) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу аяқталғаннан кейін оқу пәнінің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын игеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
5) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі – МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім:
6) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;
7) модерация – бағалаудың объективтілігін және айқындығын қамтамасыз ету үшін балдарды қоюды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмысын талқылау процесі;
8) оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;
9) формативті бағалау – сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқу барысында білім алушы мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, білім алушы мен педагог арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.
2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды жүргізу тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау формативтік және жиынтық бағалау нысандарында жүзеге асырылады.
4. Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу мен сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде/электронды журналдарда) немесе ауызша жүзеге асырылады.
5. Формативтік бағалау кезінде мұғалім сабақта кері байланысты жүзеге асырады. Педагог білім алушылардың санын, кері байланысты беру нысанын және жиілігін дербес анықтайды.
6. Формативті бағалау нәтижелері қағаз түрінде басып шығаруды және сақтауды талап етпейді.
Формативті бағалау нәтижелерін ұсыну білім алушылардың орындалған жұмыстарында және/немесе электронды журналдарда балл түрінде жүзеге асырылады, педагог түсінік бере алады.
7. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді.
1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды.
8. 2-11 сынып оқушыларына формативті бағалау, бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі ТЖБ) нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.
9. Сабақта БЖБ орындау үшін өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен уақытын педагог дербес айқындайды.
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.
10. БЖБ және ТЖБ қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген жер, сондай-ақ оқу тапсырмалары мен есептер шарттарын ресімдеуі есептелмейді, мінез-құлқы үшін балдар төмендетілмейді.
11. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
12. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.
13. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды. ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді.
14. Үйде оқитын білім алушыларды бағалау кезінде педагог үйде оқитын білім алушылардың оқу жүктемесін және олардың оқып-зерделеген оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды әзірлейді.
15. Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізеді.
16. "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық", "Зайырлылық және дінтану негіздері" және бастауыш мектепте "Цифрлық сауаттылық" пәндері бойынша БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді және тоқсан/жартыжылдық және оқу жылының қорытындысы бойынша "есептелінді" ("есептелінген жоқ") деген белгі жазылады.
17. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспары) таңдау кезінде 10-11-сыныптарда қысқартылған оқу жүктемесі бар инвариантты компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейінің пәндерін таңдау кезінде "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау" оқу пәндерінен басқа пәндер бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.
Вариативті компонент сағатының есебінен таңдалған 10-11-сыныптардың оқу пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында "есептелінді" ("есептелінген жоқ") деген белгі жазылады.
18. Қысқартылған оқу жүктемесі бар Үлгілік оқу жоспарларын таңдаған жағдайда БЖБ саны 11-тармаққа сәйкес жүргізіледі.
Вариативтік компонент есебінен таңдалған 5-9-сыныптардағы оқу пәндері бойынша (инварианттық компоненттегі таңдау пәндері) жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында "есептелінді"/"есептелінген жоқ" деген белгі жазылады.
19. Жиынтық бағалау тапсырмалары білім алушылармен орындалады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8424 болып тіркелген) жалпы білім беретін пәндер бойынша Үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес олар өткен материалдарды қамтиды.
20. Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып педагогтер дербес дайындайды.
21. ТЖБ өткізер алдында педагогтердің әдістемелік бірлестігінің отырысында тапсырмалардың оқу мақсаттарына сәйкестігін, тапсырмалар көлемін, тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулықтарды, орындау уақытын талқылайды.
Тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау сөйлеу қызметінің төрт түрі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым) бойынша жүргізіледі. Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі.
22. Даулы мәселелер туындаған жағдайда білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілікті және ашықтықты қамтамасыз ету үшін және/немесе педагогикалық кеңестің шешімімен педагогтер қажет болған жағдайда, ТЖБ бағасы қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізеді.
Балдары өзгертілуі тиіс болатын білім алушылардың тоқсандық жиынтық жұмыстарының модерациясы жүргізілген жағдайда олар қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша ТЖБ үшін балл өсу жағына да, азаю жағына да өзгереді.
23. Білім алушылар жиынтық бағалау өткізу күні объективті себептерге байланысты (денсаулық жағдайына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады.
Ағымдағы тоқсан/жартыжылдық аяқталғанға дейін жиынтық жұмыстарды тапсырмаған жағдайда білім алушыға жиынтық жұмыстарды тапсырғанға дейін "уақытша аттестатталмады" деген белгі электронды журналда қойылады. Тапсыру қорытындысы бойынша төртінші/жартыжылдық баға қойылады.
24. БЖБ және ТЖБ қорытындысы болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.
25. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жазбаша жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.
26. Білім алушылардың жиынтық бағалау нәтижелері балл түрінде (қағаз/электрондық) журналға қойылады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.
27. Жиынтық бағалау қорытындысы бойынша ақпарат білім алушыларға және ата-аналарға немесе баланың өзге де заңды өкілдеріне қағаз түрінде немесе электронды нұсқада беріледі.
28. Тоқсандық баға формативті бағалау және жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде жартыжылдыққа баға формативті бағалау және БЖБ нәтижесі бойынша қойылады.
29. Ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы бойынша қайта оқу жылы ұсынылатын білім алушыларды қоспағанда, 1-сыныптың білім алушылары екінші оқу жылына қалдырылмайды.
1-сыныпта баланы қайта оқыту педагогикалық кеңестің шешімімен ресімделеді.
30. 2-11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағалары жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы тоқсандық бағалар жиынтығының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және қорытынды баға болып табылады.
31. Бір немесе екі пәннен "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары үшін мектеп жасаған кестеге сәйкес жүргізілетін оқу жылындағы материал мазмұнын қамтитын жиынтық бағалау оқу жылына ұйымдастырылады.
Қорытынды баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы жылдық баға мен қосымша жиынтық бағаның орташа арифметикалық мәні арқалы қойылады.
Үш немесе одан да көп пәннен "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары қайта оқуға орнында қалдырылады.
"3", "4", "5" бағаларын алған 2-8 (9) және 10 (11) сынып білім алушылары келесі сыныпқа көшіріледі.
32. Бір немесе екі оқу пәнінен қайта "2" бағасын алған 2-8 (9) және 10 (11) сыныптардың білім алушылары осы пәндерден қосымша жиынтық бағалаудан өткізіледі.
Қорытынды баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы жылдық баға мен қосымша жиынтық бағаның орташа арифметикалық мәні арқылы қойылады.
Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылының басына дейін өткізіледі.
Қосымша жиынтық бағалаудан "2" деген баға алған жағдайда, білім алушы сол сыныпта оқуға орнында қалдырылады.
33. Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.
34. Білім алушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде оқу жылы көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, директордың қолымен және мектеп мөрімен расталып, білім алушының жеке іс қағазымен беріледі.
Білім алушы бұрын қандай да бір пән оқытылмаған мектептен ауысқан жағдайда "Тоқсан үшін баға" бағанына "Оқытылмаған" белгісі енгізіледі. Бұл жағдайда білім алушыға оқу пәні бойынша жылдық баға осы пәнді оқу кезінде одан әрі ағымдағы оқу жылында алынған тоқсандық бағалар жиынтығының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.
35. Қазақ тілі бойынша емтихан білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі" пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі.
Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.
"Қазақ тілі", "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндері бойынша қорытынды баға емтихан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағалау ең жақын бүтінге қарай дөңгелектеледі.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген пәндерді қоспағанда, оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.
35-1. 5 (6) – 8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттаудан білім беру ұйымдары басшыларының бұйрықтарымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайы бойынша;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;
3) жақын туыстарының қайтыс болуы.
Білім алушыларды аралық аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар:
1) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 026/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) жақын туыстарының қайтыс болғаны туралы куәлік негізінде шығарылады.
Аралық аттестаттаудан босатылған білім алушылар үшін қорытынды баға ағымдағы оқу жылының жылдық бағасы негізінде қойылады.
Ескерту. Қағидалар 35-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі
36. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
37. 1-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау қарастырылмайды.
38. Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.
39. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
40. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ тілі/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.
41. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан;
2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/ сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/ сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі), шетел тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) жазбаша емтихан.
42. Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау жазбаша емтихан нысандарда өткізіледі:
1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша (оқыту тілі);
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша.
Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 12-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) Қазақстан тарихынан тестілеу;
2) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
3) білім алушының таңдауы бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.
43. Халықаралық мектептерде 9 (10), 11(12)-сыныптардың білім алушыларын қорытынды аттестаттау білім алушылардың таңдауы бойынша қазақ тілінде, орыс тілінде, немесе олардың оқып жатқан тілінде өткізіледі.
44. 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары) дайындайды, орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып білім алушылары үшін, сондай-ақ республикалық мектептердің 9 (10) және 11 (12) сыныптар білім алушылары үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО) дайындайды.
ҰТО әзірленген емтихан материалдары мазмұнының сапасына тәуелсіз бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
ҰТО емтихан материалдарының электрондық нұсқаларын олардың құпиялылығы мен сақталуын қамтамасыз ете отырып білім басқармаларына және республикалық білім беру ұйымдарына жібереді.
Қорытынды аттестаттаудың мазмұны және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Бір және екі пәннен (қорытынды аттестаттау өткізілмейтін) жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау басталғанға дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "3", "4", "5" бағасын алған кезде қорытынды баға жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні және жақын бүтін санға дөңгелектене отырып, оқу жылына жиынтық бағалау ретінде қойылады.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және "Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алады.
Үш және одан да көп пән бойынша "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.
Үш және одан да көп пән бойынша "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес анықтама алады.
46. Бір және екі пәннен (қорытынды аттестаттау өтілетін) жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау басталғанға дейін осы пәндер бойынша оқу жылы үшін қосымша жиынтық бағалаудан өтеді.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "3", "4", "5" бағасын алған кезде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылы үшін қосымша жиынтық бағалау (бес балдық шәкіл бойынша) үшін 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтін санға жүргізіледі.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда "2" бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес анықтама алады
47. Білім алушыларды "Көркем еңбек", "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" және "Дене тәрбиесі" оқу пәндерінен Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте босату олардың үлгеріміне, қорытынды аттестаттауға жіберуге келесі сыныптарға көшіруге әсер етпейді.
48. 5 – 9 (10)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5" болған 9 (10)-сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
49. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден "5" болған және 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
50. 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;
3) халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар;
4) жақын туыстарының қайтыс болуы.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген № 026/у нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдаухаты;
3) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 20317 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушылардың оқу үлгерімі табельдерінің (бұдан әрі – табель) түпнұсқасы және көшірмесі. Табельдердің түпнұсқалары оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.
4) жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәлік.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.
Қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды бағасы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде қойылады.
Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51-1. Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар немесе аралық және қорытынды аттестаттауға қатысушылардың әрекеттеріне тәуелді емес өзге де мән-жайлар туындаған кезде білім беру саласындағы уәкілетті орган аралық, қорытынды аттестаттауды өткізу нысанын өзгерту және/немесе мерзімдерін ауыстыру не оларды өткізбеу жөнінде шешім қабылдайды.
Ескерту. Қағидалар 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.52. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – "НЗМ" ДББҰ) білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5", 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" болған, жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан "5" бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты беріледі.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. Алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
54. Осы Қағидалардың 50-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қорытынды аттестаттаудан босатылған, негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе "НЗМ" ДББҰ-ның білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары "5", 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары "5" болған, тізбесі "Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бекітілген соңғы үш жылдағы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты және "Алтын белгі" белгісі беріледі.
55. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;
2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.
Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.
56. Қайта қорытынды аттестаттау өткізу мерзімін білім беру ұйымы белгілейді.
Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын білім басқармалары әзірлейді.
Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына №39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады.
Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына №39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 11(12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманы алады.
57. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.
Қорытынды аттестаттау кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен ауырғандармен байланыста болған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды бітіру емтиханын білім беру ұйымы белгілеген мерзімде тапсырады.
58. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түскен немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған кезде жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
9 (10) және 11 (12) сынып бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауды білім беру ұйымдары жүргізеді. Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер мерзімінен бұрын аттестаттауды "5" бағаға тапсырған жағдайда білім беру ұйымдары № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат береді.
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға арналған емтихан материалдарын білім басқармалары әзірлейді.
59. Ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанында (республикалық мектептер үшін) құрылады.
60. Мектеп жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары (болған жағдайда), қоғамдық ұйымдардың (болған жағдайда) және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. Комиссияны мектеп директоры немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде бес адамнан және негізгі және орта мектепте екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде жеті адамнан тұрады.
61. Аудандық, қалалық білім бөлімі жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар комитетінің өкілдері, сондай-ақ білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
62. Білім басқармасы жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
63. Министрлік жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, Министрлік және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ Министрлік қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны Министрліктің Орта білім беру комитетінің төрағасы немесе оны алмастырушы адам басқарады.
64. Халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша білім алушылар олардың білім алу кезеңінде халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша кеткенге дейін оқыған Қазақстан Республикасы мектебінің контингентінде есептеледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға кеткен 11 (12) сынып оқушылары 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан шетелде оқуды бітіргеннен кейін білім басқармалары әзірлеген емтихан материалдары бойынша Қазақстан Республикасының мектептерінде өтеді.
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектеп комиссиясының шешімімен білім алушылар шетелде оқымаған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компоненті пәндері бойынша аттестаттаудан өтеді.
Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі педагогикалық кеңестің шешімімен белгіленеді.
Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға шетелде оқыған пәндер бойынша бағалары, Қазақстан Республикасының мектептеріндегі алдыңғы сыныптарда алынған жылдық және қорытынды бағалары ескеріле отырып № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
65. Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға кеткен және шетелде білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізуге жататын пәндер бойынша бағалары "5" болған, 10 (11) - 11 (12) сыныптарда оқу аралығында барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары "5" болған білім алушыларға № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі
Ереженің 52-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға кеткен және шетелде білім беру мекемелерін бітірген білім алушыларға № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестат және "Алтын белгі" белгісі беріледі.
66. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға қорытынды аттесттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.
Арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді.
67. 9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.
68. 11 (12) сыныпта қазақ тілі /орыс тілі және ұйғыр/ тәжік/ өзбек тілінде оқытатын мектептер үшін ана тілі бойынша (оқыту тілі) жазбаша емтиханға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамалары бойынша 5 астрономиялық сағат бөлінеді.
Қорытынды аттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.
69. Жазбаша емтихандар 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушылары бір-бірден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде (бір партаға бір білім алушысы отырғызылып толық сынып сиятындай мектеп ғимаратындағы үлкен бөлмеде) өтеді.
Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі.
Орындалған жұмысты жоба жазбаларымен бірге білім алушылар Комиссияға тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар аяқталмаған қалпында тапсырады.
70. Жазбаша емтихан өткізу кезінде (диктанттан басқа) білім алушыға дәлелді себеппен сынып бөлмесінен шығуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ол жұмысты емтихан жұмысында немесе тіркеу журналында білім алушының емтиханда болмауының ұзақтығын белгілейтін Комиссия мүшесіне тапсырады.
71. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндері жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.
Математика (алгебра) бойынша "2" және "5" деген бағаға бағаланған жазбаша жұмысқа мектеп Комиссиясы рецензия береді.
9 (10) және 11 (12) сыныптарда жұмыстар балдарды қою схемасына сәйкес тексеріледі.
72. Мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары Астана қаласының уақытымен таңертеңгі сағат 10:00-де басталады.
73. Тест тапсырмаларының саны мен нысаны, тестілеуге арналған жауап парағының нысаны әр пән, бейін және оқыту тілі бөлінісінде жасалған тест ерекшеліктерімен анықталады. Аттестаттау қорытындысы ерекшеліктерін ҰТО әзірлейді.
Ескерту. 73-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.74. 9 (10) және 11 (12) сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттау өткеннен кейін Комиссия білім алушыларға балдарды және емтихан бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасына енгізеді.
9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.
75. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды баға қою кезінде олардың осы емдеу мекемесінің жанындағы мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жартыжылдық) және жылдық бағалары ескеріледі.
76. Білім алушы жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы мүшесінің қатысуымен өзінің жазба жұмысын тексеру нәтижелерімен танысады.
77. Кезекті емтиханнан "2" деген баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.
78. 9 (10) және 11 (12) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30:70 арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтін санға жүргізіледі.
Егер 11 (12) сыныптарда инварианттық компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейлерінің пәндері таңдалмаған жағдайда, жалпы орта білім туралы аттестатқа осы пәндер бойынша 9-сыныпта алған қорытынды бағалары қойылады.
79. Жазбаша емтиханға қойылған бағамен келіспеген жағдайда білім алушы емтихан бағасын жариялағаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ге дейін мектеп жанынан, аудандық, қалалық білім бөлімдері, білім басқармалары жанынан құрылған комиссияға апелляцияға өтініш береді, ал республикалық мектептердің білім алушылары Министрлік жанындағы комиссияға жүгінеді.
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияға өтінішті тиісті Комиссия тек тапсырмалардың мазмұны және/немесе техникалық себептер бойынша қабылдайды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.
Апелляцияға берілген өтініште баяндалған нақты фактілер қарауға жатады. Нақты тапсырма бойынша дәлелді негіздеме (толық түсіндірме) көрсетілмей өтініштер қарауға жатпайды.
Апелляция бойынша өтініштер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияға өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.
Апелляцияға өтініштер бойынша шешім осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
80. Мектеп жанындағы Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) 11 (12) сынып білім алушыларының таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ҰТО филиалына жолдау;
3) қорытынды аттестаттау өткізу, сондай-ақ қорытынды аттестаттауға білім алушыларды даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
4) 9 (10) сынып білім алушыларының және жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен басқа 11 (12) сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;
5) жазбаша емтихан жұмыстары аяқталғаннан кейін Хаттаманың электронды нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;
6) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;
7) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанынан қалыптастырылған Комиссия қарауына (республикалық мектептер Министрлік жанынан қалыптастырылатын Комиссия қарауына) білім бөлімдері арқылы жолдау;
8) осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкіліне сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын бағаларға ауыстыру;
9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.
81. Аудандық, қалалық білім бөлімі жанындағы Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3) осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндері бойынша "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанындағы комиссияға жолдау;
4) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.
82. Білім басқармасы жанындағы Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін анықтау;
3) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
4) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;
5) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін мектептерге жолдау;
6) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.
83. Министрлік жанындағы Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
3) республикалық мектептердің жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;
4) жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын және "Алтын белгі" белгісін алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін білім басқармаларына, республикалық мектептерге жіберу;
5) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.
84. Жұмыстардың қорытындысын шығару және "Алтын белгі" белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешімді қабылдау жөніндегі мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссияның қорытынды отырысы тиісті жылдың 20 маусымынан кешіктірілмей өткізіледі.
85. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік және жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаттарын және "Алтын белгі" белгісін иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
86. Білім басқармалары және республикалық мектептер білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы қорытынды мәліметтерді Министрлікке ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей ұсынады.
87. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері ағымдағы жылғы тамызда оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша мектеп жанынан құрылған Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен педагогикалық кеңесте талқыланады.
Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды
Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі
2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%) | Баға |
0 – 39 | қанағаттанарлықсыз – "2" |
40 – 64 | қанағаттанарлық – "3" |
65 – 84 | жақсы – "4" |
85 – 100 | өте жақсы – "5" |
"НЗМ" ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шәкілі
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 31.10.2024 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы
______________________________________ бойынша Қазақстан Республикасы
(оқу пәнінің атауы)
____________________________________________________________________
(облыстың атауы)
____________________________________________________________________
(аудан атауы)
____________________________________________________________________
(қала (ауыл) атауы)
____________________________________________________________________
(мектеп атауы)
Емтихан комиссиясының құрамында:
____________________________________________________________________
Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
Емтихан алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
Ассистенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Емтиханға келді:
____________________________________________________________________
Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Емтиханға келген жоқ:
____________________________________________________________________
Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Емтихан ____ сағат ____ минутта басталды.
Емтихан ____ сағат ____ минутта аяқталды.
Емтихан нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:
№ | Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Балл (жазумен) | Емтихан бағасы (жазумен) |
1 | |||
2 |
Емтиханды өткізу күні: "___" __________20__ ж.
Бағаны хаттамаға енгізу күні: "___"__________ 20__ ж.
Комиссия төрағасы _________________________________ _____________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы
Емтихан алушы мұғалім _____________________________ _____________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы
Ассистенттер ______________________________________ _____________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы
_____________________________ _____________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) қолы
Ескерту: ұқсас Хаттаманың электронды нұсқасы қағаз нұсқамен бірдей қолданылады.
9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі
Баға | Максимальды балл 30 болған пәндер үшін балдар | Максимальды балл 40 болған пәндер үшін балдар | Максимальды балл 50 болған пәндер үшін балдар | Максимальды балл 60 болған пәндер үшін балдар |
"2" | 0-11 | 0-15 | 0-19 | 0-23 |
"3" | 12-19 | 16-25 | 20-32 | 24-38 |
"4" | 20-25 | 26-33 | 33-42 | 39-50 |
"5" | 26-30 | 34-40 | 43-50 | 51-60 |
Апелляцияға өтініш
Мен __________ ________ пән(дер) бойынша жазбаша жұмыс нәтижесімен келіспеймін
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Келесі негіздер бойынша:________________№___тапсырмадан алған балдар санын қайта қарауды сұраймын.
Күні
Қолы
Апелляцияға өтініштерді тіркеу журналы
№ | Білім алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Класс, оқыту тілі | Апелляция берілген пән(дер) | Өтініш беру уақыты | Білім алушының қолы |
1. | |||||
2. | |||||
… |
Комиссия мүшесі
(Т.А.Ә., қолы)
Толтырылған күні
Апелляцияға берілген өтінішті қарау нәтижелері бойынша комиссия отырысының хаттамасы
Қала ___________
Емтихан орталығы _________
Күні ____________
Комиссия құрамы:
Төраға: ___________________________
Комиссия мүшелері: _________________________________
Күн тәртібі: _______________ пән бойынша жазбаша емтихан үшін қойылған бағамен
келіспеу туралы ____________________________________________ білім алушының
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
өтінішін қарау.
Апелляцияға дейінгі емтихан бағасы – _____ балл.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына 2-қосымша |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары
Ескерту. Үлгі қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.07.2023 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) біліктілік емтиханы – теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім;
2) біліктілік комиссиясы – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульді (пәндер) игеру қорытындылары бойынша жұмысшы біліктілігін беру рәсімін өткізу үшін құрылатын алқалы орган;
3) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
4) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау – педагог сабақта өткізетін білім алушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын жүйелі түрде тексеру;
6) демонстрациялық емтихан – білім алушыға меңгерген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
7) дипломдық жұмыс (жоба) – білім алушылардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін оның ішінде жобалық тәсілдерді қолдана отырып жинақтауды білдіретін өзіндік бітіру жұмысы;
8) қорытынды аттестаттау комиссиясы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне қорытынды аттестаттау өткізу үшін құрылатын алқалы орган;
9) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық–рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған сандық эквивалентті әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерінің деңгейін балмен бағалау жүйесі;
10) оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасының оқу модулін меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-қатынастар;
11) практикалық жұмыс – кәсіптік міндеттерді шешу үшін білім алушылардың практикалық біліктері мен дағдыларын айқындауға мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны.
3. Білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі: (5 - "өте жақсы", 4 – "жақсы", 3 – "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").
Балдық-рейтингтік әріптік жүйені қолдану кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері (білім, білік, дағды және құзыреттілік) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес 4 балдық шкала бойынша тиісті цифрлық эквиваленті бар халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге (оң бағалар, кемуіне қарай, "А" - дан "D"-ға дейін, "қанағаттанарлықсыз" - "F") сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша бағаланады.
2-тарау. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан өткізу
4. Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізудің нысандарын, тәртібін және кезеңділігін дербес таңдайды.
Ағымдағы бақылау пәндер және (немесе) модульдер бойынша практикалық және лабораторлық сабақтар жоқ болған жағдайда, педагогтің оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы, оның ішінде оқытудың жеке траекториясын ескере отырып жүзеге асырылады.
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалардың пәндер және (немесе) модульдер бойынша үлгеріміне ағымдағы бақылау психофизикалық даму ерекшеліктері ескеріле отырып жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.
Қашықтан оқыту (бұдан әрі – ҚО) арқылы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау:
1) білім алушы мен педагогтің телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып онлайн немесе офлайн режимінде тікелей қарым-қатынасы;
2) автоматтандырылған тестілеу кешендері;
3) жеке тапсырмаларды тексеру (білім алушылардың электрондық поштасына, мессенджерлеріне тапсырмалар беру) арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу нысандарын педагог оқу материалының мақсатын, мазмұнын ескере отырып анықтайды.
5. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Пәндердің және (немесе) модульдердің тізбесін білім беру ұйымдарының алқалы органы айқындайды.
6. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі мен нысанын оқу жұмыс жоспарларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу процесінің кестесіне енгізіледі.
ҚО арқылы аралық аттестаттау өткізу кезінде мынадай нысандар қолданылады:
1) тапсырманы орындауға кететін уақытты шектеу мүмкіндігі бар автоматтандырылған тест жүйелерін қолдана отырып тестілеу;
2) жобаны орындау;
3) практикалық, шығармашылық тапсырманы орындау;
4) емтиханды онлайн режимінде тапсыру.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: қазақ тілінде оқытатын топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті; орыс тілінде оқытатын топтар үшін орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті; Қазақстан тарихы, математика және мамандық бейініне сәйкес білім беру ұйымының таңдау пәні бойынша емтихандар өткізуді көздейді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау "жалпы білім беретін пәндер" модуліне/цикліне бөлінген кредиттер/сағаттар есебінен өткізіледі.
Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) пәнді және (немесе) модульді оқытуға бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар - аралық және/немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.
Өнер және мәдениет саласындағы мамандықтар үшін қорытынды және (немесе) аралық аттестаттау шығармашылық тапсырмалардың орындалуын көздейді.
Шығармашылық тапсырма туралы ережені техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы дербес әзірлейді.
Білім алушыларға жұмысшы біліктілігін беруге арналған аралық аттестаттау өткізу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен біліктілік комиссиясы құрылады.
Жұмыс біліктілігі бағдарламасын меңгергеннен кейін біліктілік емтиханы өткізіледі.
Біліктілік емтихан практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан нысанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Жұмыс біліктілігін алу жөніндегі бағдарламаны меңгергеннен кейін оқуын жалғастырмайтын білім алушылар үшін біліктілік емтиханы қорытынды аттестаттау шеңберінде өткізіледі.
Оқуды жалғастыратын білім алушылар үшін біліктілік емтиханы аралық аттестаттау шеңберінде өткізіледі.
Жұмысшы біліктілігін беру туралы куәлік беру туралы шешім біліктілік комиссиясының шешімі бойынша біліктілік емтиханы негізінде қабылданады.
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, практика бойынша есептер, сынақтар және емтихандар нысанында жүзеге асырылады, бұл ретте сынақтар мен курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін (болған жағдайда) өткізіледі.
Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән және (немесе) модуль бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің және (немесе) модульдің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды аралық аттестаттау емтихандар және/немесе сынақтар нысанында өткізіледі.
8. Сынақтар тізбесі оқу жұмыс жоспарына, сондай-ақ курстық жобаларға (жұмыстарға), кәсіптік практикаға сәйкес айқандалатын пәндер және (немесе) модульдер бойынша саралған бағалармен/балдармен өткізіледі.
9. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің және (немесе) модульдің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.
10. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.
11. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:
1) емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары, ситуациялық тапсырмалар;
2) емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;
3) оқу және технологогиялық карталар;
4) спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;
5) емтихан ведомосы дайын болуы қажет.
12. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) педагог және (немесе) аталған пән және (немесе) модуль бойынша семестр бойы сабақ берген педагогтер не білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің және (немесе) модульдің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар педагог жүзеге асырады.
13. Аралық аттестаттау кезінде емтихандарға әрбір пән және (немесе) модуль бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық практикалық, зертханалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған білім алушылар жіберіледі.
1-2 пән және (немесе) модуль бойынша қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар емтиханға педагогикалық кеңестің шешімімен жіберіледі.
14. Емтихан билеттері бойынша тапсырманы орындау үшін аралық аттестаттауды өткізу кезінде:
ауызша емтиханға әр білім алушыға 25 (жиырма бес) минуттан артық емес уақыт бөлінеді;
жазбаша емтихан өткізуге:
1) шығармаға және (немесе) эссеге әдебиет бойынша 6 астрономиялық сағат;
2) математика және арнайы пәндерден және (немесе) модульдерден 4 академиялық сағат;
3) қазақ және орыс тілінен мазмұндауға 3 астрономиялық сағат, диктантқа қазақ және орыс тілінен 2 астрономиялық сағат.
Жазбаша емтихан жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.
Аралық аттестаттау шеңберінде біліктілік емтиханын өткізу кезінде практикалық тапсырманы орындау үшін 1 емтихан алушыға 6 астрономиялық сағаттан аспайтын, ал демонстрациялық емтиханы нысанында 12 астрономиялық сағаттан аспайтын уақыт бөлінеді.
Біліктілік комиссиясының құрамы 60% - дан кем емес арақатынаста кәсіпорындар (жұмыс берушілер) өкілдері және 40% - дан артық емес білім беру ұйымдары өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Біліктілік комиссиясы дауыс беру құқығы жоқ хатшыны қоспағанда, комиссия төрағасын, комиссия мүшелерін қоса алғанда, өкілдерінің тақ санынан тұрады.
Дуальды оқыту кезінде біліктілік комиссиясының құрамына аттестатталушы адамдардың тәлімгерлері жіберілмейді.
15. Тыңдауға, оқу жұмыстарын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер, модульдер бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық комиссиялардың, кафедралардың, бөлімдердің педагогтары қабылдайды. Оларды өткізу үшін нақты жұмсалатын, бірақ бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын уақыт қарастырылады.
16. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі, әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды.
17. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзімді білім беру ұйымдарының бекітілген бұйрығымен белгілейді.
18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыруға бір пән және (немесе) модуль бойынша бір реттен артық рұқсат етілмейді.
"Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған кезде емтиханды (сынақты) қайта тапсыру мерзімін білім беру ұйымы дербес айқындайды.
Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша біреуден артық емес "қанағаттанарлық" бағасы бар білім алушылар үшін білім алушының білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысандағы өтініші негізінде бағалауды арттыру мақсатында қайта тапсыруға жол беріледі.
Емтиханды (сынақты) қайта тапсыру білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
19. Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша үштен астам "қанағаттанарлықсыз" бағасы бар білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен білім беру ұйымынан шығарылады, оған белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
20. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі.
21. Сараланған есепке алу көзделген пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды бағаларды педагогтер ағымдағы үлгерімді бақылау бағалары негізінде орташа арифметикалық баға ретінде қояды.
21-1. Емтихан көзделген пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі:
И = 0,6 х (РО 1+...+ РО N) /N+ 0,4 х Е, мұндағы:
РО – оқыту нәтижесі;
N – оқыту нәтижелерінің саны;
Э – емтихан бағасы.
Оқыту нәтижесінің рейтингі (балдар) бағалау критерийлері үшін балдардың орташа арифметикалық мәнімен есептеледі:
РO=KO1+...+ KON/N, қайда:
КО – бағалау критерийлері;
N – бағалау саны.
22. Ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, аралық аттестаттау емтихандарын мерзімінен бұрын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен:
1) ағымдағы семестрдің пәндері және (немесе) модульдері бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес зертханалық, практикалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған;
2) белгіленген мерзімде аралық аттестаттаудан өтуге мүмкіндігі жоқ (тиісті құжаттармен расталған дәлелді себептер бойынша) білім алушылар жіберіледі.
3-тарау. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу
23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау, медициналық білім беру бағдарламалары бойынша біліктілік емтиханын және (немесе) білім алушыларды қоспағанда, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар тапсыруды немесе арнайы пәндердің және (немесе) модульдердің бірінде қорытынды емтихан тапсыру арқылы диплом жобасын (жұмысын) орындау мен қорғауды немесе дипломдық жұмысты орындауды және қорғауды қамтиды.
Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қорытынды аттестаттау оны өткізудің алдын ала бекітілген кестесі бойынша өткізіледі.
Қорытынды аттестаттауға академиялық қарызы жоқ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын толық көлемде меңгерген білім алушылар жіберіледі.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
ҚО арқылы қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде білім беру ұйымы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз етеді, оның тәсілін ұйым дербес таңдайды және оны өткізу тәртібінің сақталуын бақылайды.
Білім алушыларды сәйкестендіру білім алушының жеке басын бейне камера алдында ашық түрде ұсынылған жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен визуалды салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылар байланыс жабдықтары мен арналарына қойылатын техникалық талаптар туралы алдын ала хабардар етіледі. Білім беру ұйымы білім алушылардың техникалық мүмкіндігіне байланысты алдын ала тексеру арқылы көз жеткізеді.
Компьютерлік тестілеу ақпараттық жүйелерге енгізілген құралдардың көмегімен немесе жеке құралдардың көмегімен өткізіледі. Тестілеу процесі автоматтандырылған. Тестілеу нәтижелерін автоматтандырылған өңдеу және сақтау қамтамасыз етіледі.
24. Дипломдық жобаны (жұмысты) жұмысшы біліктілігі бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, экономикалық және шығармашылық мамандықтар бойынша білім алушылар орындайды және ол бітірушілердің арнайы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жүйелеуге, қорытындылауға және тексеруге бағытталған.
Дипломдық жобаны (жұмысты) орта буын маманын, қолданбалы бакалавр дайындау кезінде техникалық, технологиялық және шаруашылық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер орындайды, және ол кейбір техникалық құралдар мен технологиялар жасауды немесе олардың есебін болжайды.
25. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен қорытынды аттестаттау комиссиясы құрылады.
Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы дауыс беру құқығынсыз хатшыны қоса алғанда кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндірістік оқыту шеберлерінен және оқу орнын басқарудың алқалы органдары өкілдерінен, яғни жұмыс берушілер өкілдерінен 60% - дан кем емес және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен 40% - дан артық емес арақатынасында құрылады.
Қорытынды аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) дауыс беру құқығы жоқ хатшыны қоспағанда, комиссия төрағасын, комиссия мүшелерін қоса алғанда, өкілдерінің тақ санынан тұрады.
Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша комиссиясының құрамына қосымша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері кіреді.
26. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.
27. Комиссия:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін;
2) білім алушылардың өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) кәсіптік модульдер бойынша нақты білім, іскерлік деңгейін және практикалық дағдыларын, кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігін айқындайды.
28. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспайды.
29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау, оның ішінде ҚО арқылы қорытынды атттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.
Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйымдармен келісілген мерзімде өткізіледі.
Білім беру ұйымдарында ҚО арқылы қорытынды аттестаттау өткізу үшін орынжайлар:
1) білім алушыларды үздіксіз бейне және аудио бақылау, бейнежазба жүргізуді;
2) дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау кезінде білім алушылардың презентациялық материалдарын көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті жабдықтар жиынтығымен жарақтандырылады.
ҚО арқылы қорытынды аттестаттауға қатысатын білім алушылар рәсімнің тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен және бағдарламалармен қамтамасыз етіледі.
ҚО арқылы қорытынды аттестаттау нақты уақыт режимінде (онлайн), оның ішінде білім алушының жеке басын міндетті сәйкестендіруді және кешенді емтихандарды өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыра отырып өткізіледі.
Кешенді емтихандарды компьютерлік тестілеу нысанында өткізуге жол беріледі.
30. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:
1) мамандық бойынша оқу жұмыс жоспары;
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;
3) білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;
4) оқу бағдарламасына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен сұрақтар тізбесі;
5) денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестікпен келісілген медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға арналған тест тапсырмаларының техникалық ерекшеліктері мен клиникалық станциялар тізімі;
6) күндізгі нысанында оқитын білім алушының денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуға құқығын растайтын құжаттар;
7) сырттай нысанында оқитын білім алушының денсаулық жағдайына және (немесе) жұмыс орнынан дәлелді құжаттар ұсынылғанына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуға құқығын растайтын құжаттар.
31. ҚО арқылы кезінде техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда, білім алушыға басқа күні және (немесе) басқа уақытта қорытынды аттестаттаудан өту мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда техникалық хатшы электрондық акт ресімдейді және актінің көшірмесін комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау олардың денсаулық жағдайына теріс факторлардың әсерін болдырмайтын және білім алушылардың физиологиялық ерекшеліктері мен денсаулық жағдайына жауап беретін жағдайларда өткізіледі.
Пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар оқу бағдарламаларына сәйкес: бірнеше арнайы пәндер және (немесе) кәсіптік модульдер бойынша сұрақтарды қамтитын ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысандарында өткізіледі.
Қорытынды аттестаттауды өткізу нысандарын білім беру ұйымдары айқындайды.
Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау өткізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында оның мүшелерінің кемінде 2/3-сінің қатысуымен өткізіледі. Бір дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 (отыз) минуттан аспайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау үшін білім алушы ұзақтығы 10 (он) минуттан аспайтын баяндама жасайды.
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі апта бұрын білім алушылар қорғауға жіберілген дипломдық жобаларды (жұмыстарды) рецензиялармен және презентациялық материалдармен ұсынады.
Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауды өткізу уақыты кестемен анықталады және дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын білім алушылардың назарына жеткізіледі.
Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау, оның ішінде ҚО арқылы қорғау презентация түрінде өтеді.
Ауызша қорытынды емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 (он бес) минуттан аспайды.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар (ақыл-ойы сақталмаған) үшін қорытынды аттестаттау практикалық жұмысты орындау нысанында, өткізіледі, басқа санаттағылар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.
32. Өтініш негізінде және комиссияның шешімі бойынша ағымдағы оқу жылында тиісті оқу пәні және (немесе) модуль бойынша емтихан тапсыруға/дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға дәлелді себеппен қорытынды аттестаттауға келмеген (денсаулық жағдайына немесе тиісті құжаттармен расталған өзге де объективті себептерге байланысты) білім алушылар қайта жіберіледі. Білім алушылар өтінішті еркін нысанда жазады.
Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін денсаулық жағдайы туралы ұсынылған құжаттар қаралмайды.
Оң бағаны көтеру мақсатында қорытынды емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға жол берілмейді.
33. Диплом жобасын (жұмыс) қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
34. Белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге мүмкіндігі жоқ (денсаулық жағдайына, әскери қызметке шақырылуына немесе тиісті құжаттармен расталған өзге де объективті себептерге байланысты) білім алушыларға оқу процесінің кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау басталатын күнге дейін екі айдан ерте емес мерзімде қорытынды аттестаттауды (сессияны мерзімінен бұрын тапсыру немесе ұзарту) жеке тапсыруға рұқсат етіледі.
Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелері жанындағы білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттауды мерзімінен бұрын тапсыруға, жазасын өтеуден босату туралы мәселе шешілген жағдайда, оқу процесінің кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау басталатын күнге дейін үш айдан ерте емес мерзімде жол беріледі.
35. Комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері қол қояды.
Қорытынды емтихандарды тапсыру және (немесе) дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау нәтижелері олар өткізілген күні, көрсету емтиханын өткізу кезінде 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.
Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар немесе ҚО арқылы оқыту кезінде уәкілетті органның шешімі бойынша қорытынды аттестаттауға қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты емес өзгеде мән-жайлар туындаған кезде, Комиссия осы Қағидалардың 23-тармағына сәйкес қорытынды аттестаттауды өткізу нысанын өзгерту және қорытынды аттестаттаудың нәтижелерін айқындау жөнінде шешім қабылдайды.
Қорытынды аттестаттауды ҚО арқылы өткізу кезінде нәтижелерді есепке алу электрондық-цифрлық нысанда жүзеге асырылады. Бұл ретте қорытынды аттестаттау туралы мәліметтерді қағаз тасымалдағышта сақтау міндетті болып табылады.
35-1. Аралық және (немесе) қорытынды аттестаттауды бағалау нәтижесімен келіспеген кезде білім алушылар білім беру ұйымы басшысының атына ол өткізілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей еркін нысанда өтініш (апелляцияға) жазады.
Апелляциялық комиссия құрамын білім беру ұйымы дербес қалыптастыратын және айқындайтын білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құрылады.
Апелляциялық комиссия дауыс беру құқығы жоқ хатшыны қоспағанда, комиссия төрағасын, комиссия мүшелерін қоса алғанда, өкілдерінің тақ санынан тұрады.
Апелляциялық комиссияның шешімі өтініш түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей еркін нысандағы хаттамамен ресімделеді және оны білім алушының назарына жеткізеді.
36. Оқу пәндері және (немесе) модульдер, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша, оқу жоспарларының тәжірибелері бойынша есептердің сынақтар мен емтихандарының кемінде оқу бағдарламаларының кемінде 75 пайызын "жақсы" бағалармен ал қалғандарын – "жақсы" бағаларымен тапсырған және игерген және дипломдық жұмысты (жобаны) және (немесе) емтихандарды "жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушылар, білім беру ұйымының қорытынды аттестациялық комиссиясының шешімі бойынша үздік диплом беріледі.
Балдық-рейтингтік әріптік жүйені қолдану кезінде білім беру бағдарламасын "А", "А-", "В+", "В", "В-", "С+" бағаларымен игерген және тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ қорытынды аттестаттауды "А", "А-" бағаларымен тапсырған білім алушыларға, оқудың барлық кезеңі ішінде емтихандарды қайта тапсыру болмағанда, үздік диплом беріледі.
37. Біліктілік деңгейін көрсете отырып диплом беру туралы шешім пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау нәтижелері негізінде қабылданады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық |
|
және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидаларына қосымша |
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша баға | Балдардың сандық эквиваленті | Пайыздық мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
А- | 3,67 | 90-94 | |
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
В | 3,0 | 80-84 | |
В- | 2,67 | 75-79 | |
С+ | 2,33 | 70-74 | |
С | 2,0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
С- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0 | 0-49 | Қанағаттанарлықсыз |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығымен бекітілген |
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидалары
Ескерту. Қағида алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 25.09.2018 № 494 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.