БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1307) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:
оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрінің | |
2008 жылғы 18 наурыздағы | |
№ 125 бұйрығына 1-қосымша"; |
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:
оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы | |
Білім және ғылым министрінің | |
2008 жылғы 18 наурыздағы | |
№ 125 бұйрығына 2-қосымша"; |
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) біліктілік емтиханы – теориялық және практикалық дайындығының, тәжірибесі мен құзыреттілігінің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім;
2) біліктілік комиссиясы – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульді игеру қорытындысы бойынша жұмысты біліктілігін беру рәсімін өткізу үшін құрылатын алқалы орган;
3) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
4) білім алушыларды қорытынды аттестаттау –оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау – бұл оқытушының пәнді және (немесе) модульді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі;
6) дипломдық жұмыс (жоба) – қорытынды біліктілік жұмысы - білікті жұмыс, орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлайтын бағдарламалар бойынша білім алатын студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысы;
7) қорытынды аттестаттау комиссиясы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне қорытынды аттестаттау өткізу үшін құрылатын алқалы орган.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі мен нысанын жұмыс оқу жоспарларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіледі.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.
Білім алушыларға жұмыс біліктілігін беру бойынша аралық аттестаттау өткізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен біліктілік комиссиясы құрылады.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде білім алушылардың оқудағы жетістіктері 4 балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әлемдік практикада қабылданған әріптік жүйемен (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, "қанағаттанарлықсыз" - F) 100 балдық шкала бойынша бағаланады.";
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Дипломдық жұмыс жұмысшы мамандықтар бойынша білім алатын, сондай-ақ ғылыми жаратылыстану, гуманитарлық, экономикалық және шығармашылық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер орындайды және бітірушілердің арнайы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жүйелендіру, жалпылау және тексеру мақсатында.
Дипломдық жобаны орта буын маманын, қолданбалы бакалавр дайындау кезінде техникалық, технологиялық және шаруашылық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер орындайды, және кейбір техникалық құралдар мен технологиялар жасауды немесе олардың есебін болжайды. Техникалық мамандықтардың студенттері егер жұмысы теориялық немесе эксперименттік сиптатта болса, онда дипломдық жұмыс орындай алады.";
31-тармақ және 32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Диплом жобасын (жұмыс) қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға қорытынды аттестаттау комиссиясы қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға рұқсат беру туралы шешім шығарады және оның мерзімін белгілейді. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша ғана жүргізіледі.
Қорытынды аттестаттау комиссия білім алушыға жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуді ұсынады.
32. Диплом жобасын (жұмыс) қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Емтиханды оқу жоспарындағы барлық пәндердің және (немесе) модульдердің кемінде 75 пайызын "өте жақсы" деген бағамен, ал қалған пәндерді және (немесе) модульдер бойынша – "жақсы" деген бағамен тапсырған және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі.";
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
"35-1. Емтихандар мен сараланған сынақтарды "А", "А-", "В+", "В", "В-" деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ мемлекеттік емтихан және диплом жұмыстарын (жобаларын) А, А - "өте жақсы" деген бағаға тапсырған, барлық оқу кезеңінде қайта тапсырылған емтихандар болмаған жағдайда білім алушыға үздік диплом беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;
5) осы бұйрықты облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |