Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 143 "Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 15 тамыздағы N 406 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5286 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 588 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.12.19 N 588 Бұйрығымен.

--------------------- Бұйрықтан үзінді ---------------------

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. ...
      2. ...
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің:
      1) ...;
      2) "Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2008 жылғы 15 тамыздағы N 406 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 20 тамыздағы N 5286 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                        Б. Жәмішев       

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 25-ші сәуірдегі N 143 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
 

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесінде:
      3 "Бюджеттік кредиттер" санаты, 5 "Бюджеттік кредиттер" сыныбы, 510 "Ішкі бюджеттік кредиттер" ішкі сыныбы, 511 "Жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер", 512 "Қарыз алушы банктерге берілетін бюджеттік кредиттер", 514 "Жеке тұлғаларға берілетін бюджеттік кредиттер", 519 "Өзге де ішкі бюджеттік кредиттер" ерекшеліктері, 520 "Сыртқы бюджеттік кредиттер" ішкі сыныбы, 521 "Өзге елдерге берілетін бюджеттік кредиттер" ерекшелігі алынып тасталсын.
 

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
 

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады