"Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі N 182-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы 27 тамыздағы N 226-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5344 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 373 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.07.2019 № 373 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімін, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесін және оны қолдану жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 31 шілдедегі N 182-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4888 болып тіркелді, Заң газетінде 2007 жылғы 23 қазандағы N 162 (1365) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына және жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесінде:

      18-бөлімде "Қарулы күштер кәсіпорындары" деген тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қарулы күштердің мемлекеттік мекемелері және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты кәсіпорындары";

      43-бөлімде:

      19-тармақта "36" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Ақыл-ойы кеміс және дене кемістігі бар балаларға арналған интернат-үйлерінің басшылары (директор), басшыларының орынбасарлары (директор орынбасарлары) және әлеуметтік қызметкерлері 36 -";

      50-тармақ ", ойын терапевті, музыка терапевті, еңбек терапевті" деген сөздермен толықтырылсын;

      60-тармақта:

      "Балалар" деген сөз алынып тасталсын;

      ", дефектолог" деген сөзбен толықтырылсын;

      61-тармақта "36" деген сандар "25" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 63-1 және 63-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "63-1. Психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдарда науқастармен тікелей және толық жұмыс күні бойына жұмыс істейтін логопед 18 18

      63-2. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының және демалыс үйлерінің (санаторийлердің логопеді, сурдологы) 12 18";

      89-тармақта:

      "медициналық қызметкерлер," деген сөздерден соң "(санитарлар)" деген сөзбен толықтырылсын;

      "36" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;

      90, 101 және 102-тармақтарда "36" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 111-1 тармақпен толықтырылсын:

      "111-1. Желдеткіш қондырғылар және зарарсыздандыру жабдықтары бойынша инженерлік-техникалық қызметкерлер 6 36";

      158-тармақта "мекемелерінің" деген сөз "ұйымдарының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      159-тармақта "босану бөлімшесінің (палатасының)" деген сөзден кейін ", босану алдындағы бөлімшесінің (палатасының) және жүкті әйелдердің патологиясы бөлімшесінің (палатасының)" деген сөздермен толықтырылсын;

      163-тармақта "(стационарлық емес)" деген сөз алынып тасталсын;

      176-тармақта:

      "бикелік күтім үйлерінің" деген сөзден кейін "паллиативтік көмек орталығының" деген сөздермен толықтырылсын;

      "кіші медициналық персоналы, санитарка" деген сөздермен толықтырылсын;

      44-бөлімінің "Радиоактивті заттармен және иондаушы сәуле көздерімен жұмыс істеу" 6, 8, 13 және 14-тармақтарында "36" деген сандар "30" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап 10 күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сапарбаев

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау министрі


______________А.Дерновой


2008 жылғы 22 қыркүйек


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі


______________Д. Ахметов


2008 жылғы 26 қыркүйек



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады