Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011.08.06 № 496 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
"Тасымалдаушының әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1188 қаулысына сәйкес, сондай-ақ темір жол жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру жүйесін жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. " Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы " (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3232 нөмірімен тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3936 нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 230-231 (944-965) нөмірімен "Заң газеті" газетіне жарияланған "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-I бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 9 қарашадағы N 341-І; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4335 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 16 тамыздағы N 149 "Заң газеті", 2006 жылғы 16 қыркүйекте N 38 (300) "Ресми газеті" газеттерінде жарияланған "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 26 шілдедегі N 188; Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 4927 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 4 қазандағы N 152 (1355) "Заң газеті", 2007 жылғы 20 қазандағы N 42 (356) "Ресми газеті" газеттерінде жарияланған "Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-I бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 10 тамыздағы N 176 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., N 3-8, 22 б.,) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы N 429а-I бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығындары республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша темір жол жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды ашық тендер негізінде анықтау жөніндегі конкурсты өткізу ережесінде:
10-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру үшін жеке меншік, жалға алынған немесе басқа заңды негізде пайдаланылатын тиісті техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жолаушы жылжымалы құрамының болуы, бұл ретте, жеке немесе жалға алынған жолаушылар вагондарының саны ("Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы" акционерлік қоғамының вагондарынан басқа) талап етілетін вагондар санынан кемінде 20 пайызын құрауы тиіс.
мынадай мазмұндағы 4), 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) тиісті әлеуметтік маңызы бар бағыттарға қызмет көрсетуге қажет поезд бригадалары қызметкерлерінің жеке штатының болуы туралы мәліметтер, және/немесе бұрын әлеуметтік маңызы бар бағытқа қызмет көрсеткен тасымалдаушының поезд бригадалары қызметкерлерінің штатын жұмысқа қабылдау туралы кепілхат-міндеттеме;
5) жұмыстың алғашқы сатысында тасымалдарды ұйымдастыру үшін банктің шотында ұсынылатын субсидия көлемінен кемінде 3 пайыз мөлшерінде алғашқы ақша қаражаттарының бар болуы;
6) жолаушылар поездары үшін жеке меншік алмалы-салмалы құрал-жабдықтарының бар болуы";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) мәлімделген әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалына ұсынылатын тарифтер деңгейі туралы мәліметтер;
8) банк шотында алғашқы ақша қаражатының бар болуы туралы банктен алынған анықтама;
9) осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес санда жолаушылар поездары үшін жеке меншік құрал-жабдықтың болуын растайтын шот фактуралары мен белгіленген нысандағы түгендеу актілері";
мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:
"30-1. Әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға берген өтінімдері тендердің қорытындылары туралы хаттамаға комиссияның барлық мүшелері қол қойғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткенге дейін жарамды.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Жеңімпаз шарт жасасудан бас тартқан кезде, уәкілетті орган жеңімпаздың ұсынысынан кейін ұсынысы анағұрлым қолайлы болып табылатын тендердің басқа қатысушысымен шарт жасасады. Бұл ретте тендердің ұйымдастырушысы тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету сомасын тендер жеңімпазы анықтаған әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.";
33-тармақта "комиссия тендерді қайталап өткізу туралы хабарлайды" деген сөздерді "комиссия:
1) тендерді қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және тендерді қайтадан өткізу туралы;
3) бір көзден алу тәсілімен шартты жасасу туралы шешімдердің бірін қабылдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай редакциядағы 33-1 тармақпен толықтырылсын:
"33-1. Тендер конкурсына қатысуға тек қана бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған жағдайда, Комиссия онымен бір көзден алу тәсілімен Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау туралы шарт жасасу жөнінде шешім қабылдай алады. Жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім берушінің жіберілуіне байланысты өтпеді деп танылған тендерге бөлінген сомадан аспауға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
" 6. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
36. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуі егер ол тендер жеңімпазы болып жарияланған жағдайда, тендерлік құжаттамада көзделген, шартты жасауға кепіл ретінде енгізіледі.
37. Тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тасымалдаушы ұсынатын тендерлік өтінім сомасынан 3 пайыз мөлшерінде енгізіледі.
38. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:
1) тендер ұйымдастырушысының банктік шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна;
2) банк кепілі.
Әлеуетті өнім берушіге үшінші тұлғалардың оның тендерге қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік ақша жарнасының тұтастай немесе бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарға жол берілмейді.
39. Тендердің ұйымдастырушысы әлеуетті өнім берушіге тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі болған күннен бастап 5 (бес) банкілік күннің ішінде қайтарады:
1) тендерге қатысуға беретін өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін аталған әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға берген өз өтінімін кері қайтарып алу;
2) шартқа қол қою;
3) әлеуетті өнім берушінің тендерге қатысуға берген өтінімінің әрекет ету мерзімі аяқталуы.";
көрсетілген Ережеге 4-қосымшаның 2-тарауы мынадай мазмұндағы 2.5 , 2.6-тармақтармен толықтырылсын:
"2.5. Орындаушы шығындары республикалық бюджеттен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша темір жолмен жолаушылар тасымалдарына тарифтердің жоғарлатуын тапсырыс берушімен келісуге міндетті.
2.6.Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасындағы темір жол көліктерінде жолаушыларды, жүктерді және жүк багажды тасымалдау ережесін сақтау мәніне, Орындаушының жолаушылар поездарында хронометраж жүргізеді.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Б.Қ.Уандықов) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2008 жылғы 23 қазандағы N 481
бұйрығына қосымша
Шығындары республикалық бюджеттен
субсидиялануға жататын әлеуметтік
маңызды облысаралық қатынастар
бойынша темір жолмен жолаушылар
тасымалдарын жүзеге асыратын
тасымалдаушыларды ашық тендер
негізінде анықтау жөніндегі конкурсты
өткізу ережесін бекіту туралы
ережесіне 5-қосымша
Әлеуметтік маңызды облысаралық қатынастар бойынша
жолаушыларды тасымалдауға арналған жолаушылар вагондарының
алмалы-салмалы жабдығы мен мүкәммал заттарының
ТІЗІМІ
Жабдық және мүкәммал атауының алдындағы(*) белгісі ескертпедегі
сілтемелерді көрсетеді.
N р/с |
Жабдықтың және мүкәммалдың атауы |
Өлшем бірлігі |
Тұтас металдан жасалған вагондар |
||
РИЦ, СВ |
Купе |
Плацкарт |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
*Терезе перделері |
жинақ |
терезеге 1 |
терезеге 1 |
|
2. |
*Терезе шымылдықтары |
дана |
терезеге 2 |
терезеге 2 |
терезеге 2 |
3. |
Дәліздік ұзын кілем |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
|
4. |
Дәліздік ұзын төсеніш үшін жаккард жапқышы (19 м х 0,40 м) |
дана |
вагонға 6 |
вагонға 6 |
|
5. |
Купе кілемшесі |
дана |
купеге |
купеге |
|
6. |
Шаңсорғыш |
дана |
вагонға |
вагонға 1 |
|
7. |
Шахматтар, дойбылар, |
жинақ |
вагонға |
вагонға 3 |
вагонға |
8. |
*Ауаны сергіткіш |
дана |
вагонға |
вагонға 3 |
вагонға |
9. |
*Өрт сөндіргіш |
дана |
вагонға |
вагонға 2-3 |
вагонға |
10. |
*Үстел үшін сулық |
дана |
купеге |
купеге |
купеге |
11. |
Диванның артқы бойы |
дана |
орынға 1 |
||
12. |
* Мақталы матрац |
дана |
орынға |
орынға |
орынға |
13. |
* Матрац тысқабы |
дана |
матрацқа 1 |
матрацқа 1 |
матрацқа 1 |
14. |
* Мамық жастығы |
дана |
орынға |
орынға |
орынға |
15. |
Мамыққыш |
дана |
орынға |
орынға |
орынға |
16. |
* Көрпе |
дана |
орынға |
орынға |
орынға |
17. |
Таза төсек-орын үшін |
дана |
төсек-орынның 10 жинағына 1 |
||
18. |
Кір төсек-орын үшін таңбаланған қап |
дана |
төсек-орынның 10 жинағына 1 |
||
19. |
Ыдыс үшін сүлгі |
дана |
тәуліг іне 1 |
тәуліг іне 1 |
тәуліг іне 1 |
20. |
*Шай демдеуге арналған шәйнек |
дана |
купеге 1 |
купеге 1 |
вагонға 3 |
21. |
*Қайнатылған суға арналған шәйнек |
дана |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
вагонға |
22. |
*Асханалық пышақтар мен шанышқылар |
дана |
вагонға 10 |
вагонға 20 |
вагонға 30 |
23. |
*Кесе |
дана |
орынға 1 |
вагонға 36 |
вагонға 40 |
24. |
*Шай ыдыстары |
дана |
орынға 1 |
вагонға 18 |
вагонға |
25. |
*Шай қасығы |
дана |
орынға 1 |
вагонға 36 |
вагонға 36 |
26. |
*Тарелке |
дана |
орынға 1 |
вагонға 15 |
вагонға 20 |
27. |
Пластикалық табақша |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
28. |
Киімілгіш -иықшалар |
дана |
орынға |
орынға |
орынға 1 |
29. |
Билеттер үшін папка |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
30. |
Маршрут тақтасы |
дана |
вагонға2 |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
31. |
Вагонның реттік нөмірі |
дана |
вагонға |
вагонға 2 |
вагонға |
32. |
*Шаруашылық шелек |
дана |
вагонға |
вагонға 5 |
вагонға 5 |
33. |
Ершик үшін күбіше(жабық) |
дана |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
34. |
Ершик |
дана |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
35. |
Үш түсті сигналдық қол шамы (қызыл, сары, жасыл) |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
36. |
Сигналдық кішкене жалау |
жинақ |
вагонға 1 |
вагонғ а 1 |
вагонға 1 |
37. |
Шай тарату үшін 3 / 4 ақ халат (куртка) |
дана |
вагонға 2 |
вагонғ а 2 |
вагонға 2 |
38. |
Брезент қолғабы |
жұп |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
39. |
*Резенке биялайлар |
жұп |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
40. |
Шүберек ұстауыш |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
41. |
Қазан үшін үлкен қалақ |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
42. |
Титан үшін кіші қалақ |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
43. |
Қазан үшін үлкен кескіш |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
44. |
Титан үшін кіші кескіш |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
45. |
Мұзды ою үшін лом |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
46. |
Балта |
дана |
құрамға 2 |
||
47. |
Вагонды жинау үшін халат |
дана |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
48. |
Дәрі қобдишасы |
дана |
құрамға 2 (штаб вагонында апаттық және ағымдағы, 8 қосымшаны қараңыз) |
||
49. |
Ф-30-ға орнықтыру |
дана |
құрамға 1 |
||
50. |
Зембілдер |
дана |
құрамға 1 |
||
51. |
Термометр |
дана |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
52. |
Педикулезге қарсы орнықтыру |
дана |
Құрамға штаб вагонында 1 (тізімін 7 қосымшада қараңыз) |
||
53. |
Құрғақ жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтау үшін жабық ыдыс |
дана |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
54. |
Дәретхана қағазы үшін ұстауыш (жабық) |
дана |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
вагонға 2 |
55. |
А4 форматты көрнекті ақпарат үшін рамка |
дана |
вагонға 4 |
вагонға 4 |
вагонға 4 |
56. |
Поезд ішіндегі радиожелісі |
дана |
құрамға 1 (штаб вагонында) |
||
57. |
Сейф |
дана |
құрамға 1 (штаб вагонында) |
||
58. |
Ішетін су үшін залалсыздандыру құрылғысы |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
59. |
Ыдыс жуу ваннасы үшін тығын |
дана |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
вагонға 1 |
60. |
*Вагонды жинау үшін сыпырғыш |
дана |
бір айға 1 |
бір айға 1 |
бір айға 1 |
61. |
*Еденді жуу үшін шүберек |
дана |
бір айға 3 |
бір айға 3 |
бір айға 3 |
62. |
*Вагонды жинау үшін ұнтақ |
грамм |
60 |
60 |
60 |
63. |
*Қол сабыны |
грамм |
100 |
100 |
100 |
64. |
*Даретхана қағазы |
орам |
4 |
4 |
6 |
65. |
*Ыдыс жууға арналған зат |
грамм |
100 |
100 |
100 |
66. |
*Вагонды жинауға арналған зат |
грамм |
100 |
100 |
100 |
67. |
*Дезинфекциялау құралы |
грамм |
100 |
100 |
100 |
68. |
*Петардалар |
дана |
6 (бір соңғы вагонға) |