"Тракторларды және олардың базасында жасалған іздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру жөніндегі" ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 6 қарашадағы N 682 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5398 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15-07/32 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.01.2013 № 15-07/32 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 33 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 1 наурыздағы N 2725 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1-тармақта "машиналары мен механизмдерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      кіріспесіндегі: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 827 қаулысын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "Д. Айтжановқа" деген сөздер "А. Евниевке" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру жөніндегі ережеде:
      тақырыбындағы "машиналары мен механизмдерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақта "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 827 қаулысын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "машиналары" деген сөзден кейін "және механизмдер, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналары" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақта "басқармасының" деген сөз "Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;
      12-тармақтың төртінші абзацындағы "куәлік" деген сөзді "куәлік көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-тармақта "қара түсті пастаны" деген сөздер алынып тасталсын;
      27-тармақта "тұрғылықты жері бойынша" деген сөздерден кейін "және уақытша келуі бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      31-тармақ келесі үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Жүргізу дағды емтихандарды оқыту мекемесімен пайдалануға тракторлармен берілген өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы және жол-құрылысы, сонымен қатар жоғары өтімді арнайы машиналармен қабылданады.".
      42-тармақта "кезекті тексеріс кезінде" деген сөздер "жыл сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      43-тармақтың бірінші абзацындағы "куәліктер" деген сөз "куәліктердің көшірмесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-9-қосымшаларда "машиналары мен механизмдерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Агроөнеркәсіптік кешенінің техникалық саясаты департаменті (Коскин Қ.Т) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                        А. Күрішбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым Министрі

      _________________ Ж. Түймебаев
      25 қараша 2008 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады