Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы N 169 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 11 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5400 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 36 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 27 ақпандағы N 36 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің айқындылығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2345 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2345 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі  N 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2860 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2004 жылы жарияланған N 29-32, 974-құжат, 2005 жылғы 2 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде N 96-97 (721) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2345 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 306 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3229 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде 2005 жылы жарияланған N 9-13, 41-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2005 жылғы 28 мамырдағы N 166 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3721 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның және кастодиан банктің акционерлері туралы ақпараттың көлемін айқындау туралы" 2005 жылғы 26 қарашадағы N 416 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3986 тіркелген, 2006 жылғы 20 қаңтарда "Заң газеті" газетінде N 8-9 (815) санында жарияланған), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Міндетті, ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шарттарын бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 70 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4212 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де Орталық мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2007 жылы шілдеде-тамызда жарияланған) енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1-қосымшада:
      Міндетті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "11-1) Салымшының/Алушының өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялауға;";
      2-қосымшада:
      Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта (жеке тұлға болып табылатын Салымшы үшін):
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) Салымшының/Алушының өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялауға;";
      Ерікті зейнетақы жарналарының есебінен үшінші тұлғаның пайдасына зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) Салымшының/Алушының өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялауға;";
      3-қосымшада:
      Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі шартта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) Салымшының/Алушының өтініші бойынша бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы ақпаратты ұсынуға;";
      3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында бағалы қағаздардың атауы мен санын, сондай-ақ Қордың зейнетақы активтерінің жалпы сомасына аталған бағалы қағаздарға салынған инвестициялардың пайыздық ара қатынасын көрсете отырып, Қордың инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді жариялауға;".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                         Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады