Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 275 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 199 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5452 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 97 Қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 275 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5114 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушыларының есеп беру ережесінде:
      5-тармақта "тоқсан" деген сөз "жүз жиырма" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға қағаз жеткізушіде есептік тоқсаннан кейінгі қырық бес күн ішінде тоқсандық шоғырландырылған қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны, сондай-ақ қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етеді.
      Өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын, банк холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы уәкілетті органға қағаз жеткізушіде қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде аудиторлық ұйым растамаған шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілікті және оған түсіндірме жазбаны табыс етеді.
      Өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын және Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын, заңды тұлға болып табылатын, қаржы ұйымының, банк холдингінің ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының жылдық қаржылық есептілігіне берілетін түсіндірме жазбада мынадай ақпарат:
      1) қаржы ұйымы (банк холдингі) ірі қатысушысының қызмет түрлерінің сипаттамасы;
      2) қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы қатысушы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, оның жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің мөлшері (тиесілі акциялар саны), қызмет түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы;
      3) қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысының ірі қатысушысы (акционері) болып табылатын әрбір ұйымның атауы, жарғылық капиталдағы оның қатысу үлесінің мөлшері (оған тиесілі акциялардың саны), осы ұйым қызметі түрінің немесе түрлерінің сипаттамасы көрсетілуі тиіс.
      Қаржы ұйымында банк холдингі немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын ірі қатысушысы болмаған жағдайда, заңды тұлға болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға қағаз жеткізушіде есептік тоқсаннан кейінгі қырық бес күннен кешіктірмей тоқсан сайын қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазбаны табыс етеді.";
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      " 6-1. Қазақстан Республикасының резиденттері емес болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға қаржылық есептілікті, оған түсіндірме жазбаны және осы Ереженің 6-тармағында көзделген өзге мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.";
      8-тармақ "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын иеленген (дауыс беруге мүмкіндігі бар) ірі қатысушысының" деген сөздерден кейін ", ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Егер қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі болып Қазақстан Республикасының резиденті - қаржы ұйымы табылса, онда қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі осы Ереженің 1-3-қосымшаларына сәйкес ақпаратты береді, бұл ретте егер қаржы ұйымының ірі қатысушысы, банк холдингі уәкілетті органға осы қаржылық есептілікті талап етілген кезең бойынша берген болса, қаржылық есептілік пен оған түсіндірме жазба берілмейді. ";
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "9. Заңды тұлға болып табылатын қаржы ұйымының (банк холдингінің) ірі қатысушысы шоғырландырылған, ал ол болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептілігіне жүргізілген аудит жөніндегі есептің көшірмелерін және аудиторлық ұйымының ұсыныстарын уәкілетті органға осы құжаттарды алған күннен бастап отыз күн ішінде ұсынады.
      Өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы уәкілетті органға аудиторлық есептің және аудиторлық ұйымы ұсыныстарының көшірмесін осы құжаттарды өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы алған күннен бастап отыз күн ішінде береді.
      Өздері орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингінің, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігі шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес – банк холдингі, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (дауыс беру мүмкіндігі бар), заңды тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес – ірі қатысушы орналасқан елде қаржы ұйымдарының аудитін жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйыммен расталады.";
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Банк холдингі, Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органға аудиторлық есептің және аудиторлық ұйымның ұсыныстарының көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде табыс етеді.";
      10-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Банктер туралы Заңның 54-1-бабының 5-тармағының үшінші бөлігінде, Сақтандыру қызметі туралы Заңның 74-1-бабының 4-тармағының үшінші бөлігінде және Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 49-2-бабының 5-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайға сәйкес қаржы ұйымының ірі қатысушысы - заңды тұлға немесе банк холдингі уәкілетті органға аталған өзгерістердің сәтінен отыз күн ішінде осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді мыналарды қоса берумен ұсынады:";
      екінші абзацтағы "экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Жеке тұлға болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы қаржы жылы аяқталған соң жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес қағаз жеткізушіде кірістер мен мүлкі туралы мәліметтерді қамтыған есептілікті, сондай-ақ осы Ереженің 6-9 қосымшаларына сәйкес ақпаратты ұсынады.
      Жеке тұлға болып табылатын қаржы ұйымының ірі қатысушысы Қазақстан Республикасының салық туралы заңнамасына сәйкес салық қызметі органдарына кірістері туралы декларацияны берген жағдайда, қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда салық органдарына ұсынылатын, жеке тұлға тұратын елдің уәкілетті органдары растаған жеке табыс салыға бойынша декларацияның көшірмесін табыс етеді.";
      12-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Банктер туралы Заңның 17-1-бабының 18-тармағының үшінші бөлігінде, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңның 36-1-бабының 13-тармағының үшінші бөлігінде, Сақтандыру қызметі туралы Заңның 26-бабының 13-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган банктің, банк холдингінің ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының өтініші бойынша не аталған фактіні дербес анықтаған жағдайда, осы фактіні анықтаған күннен бастап бір ай ішінде бұдан бұрын берілген жазбаша келісімнің күші жойылды деп тану жөніндегі шешімді банктің, банк холдингінің ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуге келісім беру үшін көзделген тәртіпте қабылдайды.";
      1-қосымшаның 5-тармағының 2) тармақшасындағы кесте
"

Ұйымның атауы/ жеке тұлғаның фамилиясы, аты, (бар болса - әкесінің аты)


                                                "
      деген екінші бағаннан кейін мынадай мазмұндағы үшінші бағанмен толықтырылсын:
"

Сатып алу күні


                                                ";
      4-қосымшада:
      атауында "атқарушы органының бірінші басшысының" деген сөздер "басшы қызметкерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақтағы "Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін" деген сөздер алынып тасталсын;
      8-тармақтың үшінші абзацындағы "атқарушы органының бірінші басшысы" деген сөздер "басшы қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ө. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

       Төрайым                                      Е. Бахмутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады