Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 202 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 8 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5484 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 мамырдағы № 70 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.05.2019 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі -Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 113 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3576 тіркелген, 2005 жылғы 2 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде N 96-97(721) санында жарияланған) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы N 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4803 тіркелген, 2007 жылғы шілде - тамызда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулымен бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінде:

      кіріспе "мүддесін қорғау мақсатында" деген сөздерден кейін "меншікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

      "1. Банк акцияларын оларды жаңа инвесторға сату мақсатында мәжбүрлеп сатып алуды уәкілетті орган банкте меншікті капиталдың теріс мөлшері белгіленген кезде жасайды."

      3-тармақтағы "сатуды банк" деген сөздерден кейін "меншікті" деген сөзбен толықтырылсын;

      8-тармақтағы "міндеттемесін, банк" деген сөздерден кейін "меншікті" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

      мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа

      енгізіледі.

      3. Банктерді қадағалау департаменті (Бөбеев М.С.):

      1) заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының

      орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады