Тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 645 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 15 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 5488 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 25 қарашадағы № 514 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2009.11.25 № 514 бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ресми түрде бірінші рет жарияланған күні қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады.

       Министр                                      Б. Жәмішев

      Қазақстан Республикасы   
      Қаржы Министрінің     
      2008 жылғы 30 желтоқсандағы
      N 645 бұйрығымен     
      бекітілген        

Тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және
салық төлеушілерді тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін
айқындау ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже салық төлеушілерді (салық агенттерін):
      1) салық тексеруін жүргізу;
      2) қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқығын айқындау үшін іріктеу мақсатында тәуекел көрсеткіштерін, тәуекелдерді айқындау өлшемдерін және салық төлеушілерді (салық агенттерін) тәуекел санаттарына жатқызу өлшемдерін айқындау үшін әзірленген.
      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылған:
      1) тәуекел көрсеткіштері - көрсеткіштің құрамына байланысты өлшенетін салық, заңнамасының бұзылуы ықтималдығы туралы куәландыратын салық төлеушінің (салық агентінің) қаржылық-шаруашылық және өзге де қызметінің көрсеткіштері;
      2) тәуекелдерді айқындау өлшемдері - оның негізінде тәуекелді бағалау жүзеге асырылатын тәуекел көрсеткіштерінің көрініс табуы (сандық, пайыздық, ақшалай және өзгеше);
      3) тәуекел санаты - тәуекел санатына (жоғары тәуекел, орташа тәуекел) жатқызу өлшемдеріне сәйкес айқындалатын жалпы тәуекел дәрежесі бар салық төлеушілердің (салық агенті) тобы;
      4) тәуекел санатына жатқызу өлшемі - салық төлеушілерді (салық
агентін) тәуекел көрсеткіштерін жиынтық бағалауға байланысты тәуекел
санаттары бойынша саралау.

2. Тәуекел көрсеткіштері мен тәуекелдерді айқындау
өлшемдерін айқындау тәртібі

      3. Салық органы тәуекелдерді айқындау өлшемдерін айқындау үшін және салық төлеушіні белгілі бір тәуекел санатына жатқызу үшін тұрақты негізде қолда бар салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерге талдау жүргізеді.
      4. Талдау жүргізу үшін берілген салық есептілігі нысандары бойынша, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттары бойынша, бұрын жүргізілген салық бақылауы түрлерінің нәтижелері туралы салық есептілігі нысандарын табыс ету уақтылығы туралы, салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректері туралы мәліметтер және салық органдарындағы салық төлеушілер (салық агенттері) туралы өзге де мәліметтер пайдаланылады.
      5. Әр тәуекел көрсеткіштері бойынша салық бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, шектелген мөлшері бар, тиісті балл беріледі.
      Сонымен, барлық тәуекел көрсеткіштері бойынша шектелген мөлшерлердің жалпы сомасы тәуекел көрсеткіштері бойынша максимальды балл сомасын құрастырады.
      6. Тәуекел көрсеткіштері бойынша баллдар барлық көрсеткіштер бойынша жалпы жиынтық қорытындыны айқындау үшін жиынтықталады.
      7. Жиынтық қорытынды нәтижелері бойынша салық төлеушілерді (салық агенттерін) тәуекел санаттары бойынша саралау жүргізіледі.

3. Тәуекел санатына жатқызу өлшемі

      8. Салық төлеушілерді (салық агенттерін) тәуекел санаттары бойынша саралау былайша жүзеге асырылады:
      жоғары тәуекел - 60% және тәуекел көрсеткіштері бойынша
максимальды балл сомасынан жоғары;
      орташа тәуекел - тәуекел көрсеткіштері бойынша максимальды балл сомасының 59%-ға дейін (қоса алғанда).

4. Қорытынды ережелер

      9. Жоғары тәуекел санатына жатқызылған салық төлеушілер (салық
агенттері) салық тексерулері жоспарына енгізіледі.
      10. Орташа тәуекел санатына жатқызылған салық төлеушілерге (салық агентіне) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 274-бабының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқық берілуі мүмкін.
      11. Тәуекелдерді бағалауды салық бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті орган құпия ақпарат болып табылатын тәуекел көрсеткіштері мен тәуекелдерді айқындау өлшемдерін айқындау жолымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады