Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2009.03.26 N 06-285қ қаулысымен
"Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсететін "Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) ұсынылған стандарты бекітілсін.
2. Басқарма мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген стандартын, оның ішінде жыл сайын бекітілген көрсеткіштердің сапасы мен қол жетімділігін, қалалық маңызы бар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10 жұлдызына және әрбір есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейін Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөліміне сапа көрсеткіштері мен қол жетімділігінің мақсатты мәндеріне қол жеткізу жөнінде тоқсан сайынғы және жылдық есеп беруді қамтамасыз етсін.
3. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х. Сұлтановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім
Астана қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 29 қаңтардағы
N 37-155қ қаулысымен
Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға
таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу"
1. Жалпы ережелер
1. Осы стандарт барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін белгілейді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының
44-бабы
негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті "Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) көрсетеді.
Қызмет көрсету орны: Астана қаласы, Абай даңғылы, 111.
Электрондық сайт:
uzo301@mail.ru
5. Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шарты тіркеледі.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Шарттың жобасын құқықтық, экологиялық, экономикалық және салықтық, өзге де сараптама жасау үшін айлық мерзімде қарауға жатады. Кейін шарттың жобасын құзыретті орган келісіп, тіркейді.
Қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минутке дейін.
Құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт: 40 минуттан көп емес.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы.
9. Ақпараттық және анықтамалық тағандар Басқарманың фойесінде орналастырылған. Электрондық мекен-жай:
uzo301@mail.ru
10. Жұмыс кестесі мен жұмыс режимі:
Басқарма - мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ке дейін, сенбі сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, жұма күні - қабылдамайтын күн.
Қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.
11. Қызмет құжаттарды қабылдау-беру терезелері орналасқан, отыратын орындықтары бар күту залдары, толтырылған бланк үлгілері қойылған ақпараттық тағандары бар Басқарма ғимаратында көрсетіледі.
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, І, ІІ топ мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Тұтынушылар барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге кепілдік шартын тіркеу үшін төмендегідей құжаттар тізбесін ұсынады:
өтініш (
N 2 қосымша
бойынша), кепілдік шарты жобасы, жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы ведомствоаралық комиссияның шешімі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН), жеке куәлігі (сенімхат болған жағдайда - сенім білдірген тұлғаның сенімхаты және жеке куәлігі), заңды тұлға үшін - жарғының, статистикалық карточканың, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Құжаттардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқалармен бірге беріледі.
Заңды тұлғаның өтінішіне бірінші басшы немесе оның орнын басатын тұлға қол қояды.
13. Өтініштер бланкісін Басқармадан алуға болады.
14. Құжаттарды (бланкілер, нысандар, өтініштер және басқа да құжаттар) қабылдау "терезелердің" атқаратын қызметтері мен бағытталуы туралы ақпараттар орналасатын "терезелердің" көмегімен жүзеге асырылады, сонымен қатар қызметкердің аты-жөні мен лауазымы көрсетіледі.
15. Өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетудің сұралған түрі, берілген құжаттардың аталуы мен аяқталған күні және анықтамалық қызмет телефонының нөмірі, сондай-ақ құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Дайын құжаттарды беру Басқармада қолхат пен тұлғаны растайтын құжатты көрсету арқылы жүзеге асырылады.
17. Құжаттарды рәсімдеуде қателер (түзетулер, өшірулер және т.б.) анықталған жағдайда, Басқарма құжаттар пакетін алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оларды бас тарту себебі көрсетілген жазбаша негіздемемен бірге қайтарады.
18. Басқарма қызметі келесі жұмыс қағидаттарына негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;
2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықтарды сақтау;
3) нақтылы және толық ақпарат беру;
4) ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың
N 1 қосымшасына
сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану қажет болған жағдайда тұтынушы Басқарма бастығының орынбасарларына жүгіне алады, 302, 303-кабинеттер, телефон: 8 (717-2) 34-25-99; 34-26-99.
Тұтынушы сонымен қатар 8 (717-2) 34-26-99 нөмірі бойынша қабылдау бөлмесіне хабарласу арқылы Басқарма бастығының қабылдауына жазыла алады.
Қабылдау әр бейсенбі сағат 16:00-18:00 аралығында жүргізіледі.
22. Шағым Басқарма бастығының атына беріледі, қабылдау бөлмесі: 309-кабинет.
23. Тікелей жазбаша түрде жүгінген тұтынушыға өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, уақыты, күні көрсетіле отырып тіркелген өтінішінің (шағымының) екінші данасы қайтарылады;
Басқармаға түскен шағымдар Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған тәртіп пен мерзімде жүзеге асырылады;
Берілген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Басқарма орналасқан мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Абай даңғылы 111, қабылдау бөлмесі - 309 кабинетте, немесе кеңседен алуға болады.
Заңнамада белгіленген ретімен берілген өтініштер міндетті түрде қабылданады, тіркеледі, есептен өтеді және қарастырылады.
24. Тұтынушыларды қабылдау Басқарманың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
1) Басқарма бастығы.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы 111, 309-кабинет, телефон: 8 (717-2) 34-26-99. Электронды поштаның мекен-жайы:
uzo301@mail.ru
Жұмыс кестесі: мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бейсенбіге дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00 ден 15.00-ге дейін, жұма - қабылдамайтын күн.
Жеке мәселелер бойынша: бейсенбі күні сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін, мерекелік күндерден басқа.
2) Басқарма бастығының орынбасарлары.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Абай даңғылы 111, 302 және 303-кабинеттер, телефондар: 8 (717-2) 34-25-99 және 34-27-39.
Электронды поштаның мекен-жайы:
uzo301@mail.ru
Жеке мәселелер бойынша: мерекелік күндерден басқа, сейсенбі және сәрсенбі күндері сағат 16.00-ден сағат 18.00-ге дейін.
25. Қосымша қызметтер көрсетілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 1-қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік
|
Көрсеткіштің
|
2008 жылда
|
2007 жылғы
|
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылы |
|||
1.1. құжаттарды тапсырған
|
100 |
85 |
69 |
1.2. қызмет алуды кезекте
|
80-85 |
60 |
40 |
2. Сапасы |
|||
2.1. қызметті ұсыну үдері-
|
90 |
50 |
36 |
2.2. құжаттарды лауазымды
|
100 |
95 |
81 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. қызметті ұсыну тәртібі
|
90 |
75 |
56 |
3.2. тұтынушы құжаттарды
|
80 |
75 |
63 |
3.3. Интернет арқылы қол
|
50 |
10 |
0 |
4. Шағымдану үдерісі |
|||
4.1. қызметтің осы түрі
|
0,5 |
50 |
60 |
4.2. белгіленген мерзімде
|
100 |
50 |
32 |
4.3. шағымданудың қолданыс-
|
90-нан көп
|
45 |
28 |
4.4. шағымдану мерзіміне
|
90-нан көп
|
45 |
28 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. қызметкерлердің
|
90-нан көп
|
75 |
43 |
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 2-қосымша
Астана қаласының Жер қатынастары
басқармасының бастығы
________________________________
(аты-жөні)
Начальнику Управления земельных
отношений города Астаны
________________________________
(Ф.И.О.)
________________________________
(аты-жөні)
От _____________________________
(Ф.И.О.)
Жеке куәлік
Удостоверение личности
N ___ берілген күні (от) _______
СТН
РНН_____________________________
Тұрғын мекен-жайы
Адрес проживания _______________
Тел.____________________________
ӨТІНІШ
ЗАЯВЛЕНИЕ
Сізден
Прошу Вас
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________
(күні, дата)
_____________________
(қолы, подпись)
Мемлекеттік қызмет көрсету
стандартына 3-қосымша
__________________________
(Аты-жөні)
__________________________
(тұратын мекен-жайы)
Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы, Сіздің тапсырған
____________________ аудандағы жалпыға таралған пайдалы қазбаларды
өндіру жобасын қарап, төмендегіні хабарлайды.
_______________________________________________ байланысты,
______________________________________ келісім-шартты тіркеу мүмкін
емес.
Бастық ______________
Орынд.___________
Тел._____________