Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2009.02.06 № 4C-12-10 (қолданысқа енгізу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) шешімімен
2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының "Салық және басқа міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 462 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына, 2007 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің N 1314 "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" (одан әрі - Үкіметтің қаулысы) қаулысына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
1. Қосымша беріліп отырған 2008 жылға Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
2. Шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылдың 19 қаңтарында N 3208 тіркелген Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 3С-24-14 "Ақмола облысында 2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін алынатын төлемақы ставкаларын бекіту туралы" ("Арқа ажары" газетінде 2007 жылдың 25 қаңтарында N 11, "Акмолинская правда" газетінде 2007 жылдың 30 қаңтарында N 12-13 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
4. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
5. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық мәслихаты Ақмола облыстық
сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
Ақмола облыстық мәслихатының
2008 жылғы 5 наурыздағы
N 4C-5-10 шешіміне
қосымша
2008 жылға Ақмола облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы ставкалары
N/с |
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | Қауіптілік класы | Төлем мөлшері, теңге |
---|---|---|---|---|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Ластаушы заттардың |
шартты тонна |
582 |
|
2 |
Ластаушы заттардың |
пайдалынылған отынның тоннасы (бұдан әрі - тонна) |
||
этилденбеген бензин үшін |
423 |
|||
дизель отыны үшін |
661 |
|||
сұйылтылған, сығылған газ үшін |
285 |
|||
3 |
Ластаушы заттардың төгінділері: |
шартты |
||
су көздеріне 2 |
21354 |
|||
жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне |
21000 |
|||
4 |
Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар 3 |
тонна |
228 |
|
5 |
Өнеркәсіптік қалдықтар |
|||
Өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастыру |
тонна |
"қызыл" |
8332 |
|
"янтарь" |
4166 |
|||
"жасыл" |
1042 |
|||
жіктелмегендер |
521 |
|||
Бұдан басқа: |
||||
аршынды жыныстар 4 |
тонна |
2,8 |
||
байыту шлактары, шламдары, қалдықтары 4 |
25,1 |
|||
күл мен күлшлактар 4 |
319 |
|||
ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары |
12,3 |
|||
6 |
Радиоактивті қалдықтар: |
гигабек-керель |
||
трансуранды қалдықтар |
442,1 |
|||
альфа-радиоактивтіқалдықтар |
221 |
|||
бета-радиоактивті қалдықтар |
22,1 |
|||
шынақты радиоактивті көздер |
221 |
Ескертпе:
2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 Үкіметтің қаулысымен коэффициенттер енгізілгені мағлұматқа алынсын:
1) ИСО 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
1 0,75 коэффиценті;
4 0,75 коэффиценті;
2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
1 0,3 коэффиценті;
2 0,43 коэффиценті;
4 0,25 коэффиценті;
3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:
3 0,2 коэффиценті;
4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.