"Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 4 тамыздағы N А-6/327 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 12 қыркүйекте N 3273 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/103 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.02 № а-4/103 қаулысымен

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы  Заңының 9-1 бабына, "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561  қаулысына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін. 
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М. Отаровқа жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                         А. Рау 

      Ақмола облысы әкімдігінің
2008 жылғы 4 тамыздағы
N а-6/327 қаулысымен
бекітілді      

« "Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу"»мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

   1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан (бұдан әрі мәтін бойынша - Басқарма) құзыретті орган және жер қойнауын пайдаланушылар арасында жасалған, Ақмола облысының аумағында барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі мәтін бойынша - мемлекеттік қызмет көрсету) тәртібін белгілейді.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгісі - автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Заңының 44-бабындағы 3-тармағының, "Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108  қаулысының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет "Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын пайдалану бөлімімен (бұдан әрі мәтін бойынша - Бөлім) ұсынылады, 406-кабинет.
      5. Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шарттарды тіркеуден кейін Басқармамен жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі мәтін бойынша-тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеулердің мерзімі:
      1) мемлекеттік қызмет көрсетілудің мерзімі тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтіп тұруға берілетін ең ұзақ уақыт 40 минуттан артық емес;
      3) құжаттарды алу кезінде кезекте күтіп тұруға берілетін ең ұзақ уақыт 30 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Бөлімнің www.akmo.kz веб-сайтында, ақпараттық стендінде орналастырылады, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету стандарты облыстық "Арқа ажары", "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланады.
      10. Мемлекеттік қызмет күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі, демалыс күндері - сенбі, жексенбі және мереке күндері, түскі үзіліс: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Қабылдау кезек тәртібі бойынша, алдын алу жазылусыз және шұғыл қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      11. Азаматтарды қабылдау жайы мемлекеттік қызметті тұтынушылармен жұмыс істеу үшін бейімделген, физикалық мүмкіншіліктері шектеулі адамдар үшін, қажетті құжаттарды дайындау және күту үшін жағдайлар қарастырылған.
      Мемлекеттік қызмет осы Стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Басқармасымен көрсетіледі.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі:
      1) өтініш;
      2) Барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған келісім-шартың соңғы талаптарын тиісті мемлекеттік органдармен құзіреттілігі аясында келісу:
      "Центрказнедра" Ақмола аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы аймақтық басқармасымен, Солтүстік Қазақстан геология және жер қойнауын пайдалану аймақтық басқармасымен келісім;
      Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен келісім;
      Ақмола облысының төтенше жағдайларды мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасымен келісім;
      Ақмола облысының мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісім;
      Ақмола облысының әділет департаментімен келісім;
      Ақмола облысы бойынша салық департаментімен келісім;
      Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен келісім.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтінімдер еркін үлгіде толтырылады.
      14. Өтініш мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға қажетті құжаттар тізімімен қоса Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а" мекенжайы бойынша Басқарманың 401-кабинетіне тапсырылады.
      15. Тұтынушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының аталған мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон алады.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәсілі - тұтынушының N 406, 419 кабинетке жеке баруы, анықтама үшін телефон - 8(7162) 76-29-38.
      17. Құжаттарды тапсырғанда берілген мәліметтер толық болмай, шындыққа сәйкес келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтатуға немесе одан бас тартуға негіз болады.   

   3. Жұмыс принциптері

      18. Басқарма қызметі келесі қағидаларға негізделеді:
      1) адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын сақтау;
      2) заңдылық;
      3) сыпайылық;
      4) толық және түпкілікті ақпарат беру;
      5) құпиялылық, ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
      6) өтініш беруші белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.  

  4. Жұмыс қорытындылары

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Басқармасының мемлекеттік қызмет көрсетудегі сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні бойынша жұмысы арнайы құрылған жұмыс топтарымен жыл сайын бекітіледі.  

   5. Шағымдау тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғаның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету бойынша "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесінде жүргізіледі, электрондық почтасының мекен-жайы depprom@bk.ru, телефон номері 8 (7162) 76-29-41.
      22. Шағым Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а", N 401 кабинет мекенжайы бойынша "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесіне беріледі.
      23. Тіркеу журналында тіркелген және осы шағымға жауап алу орны көрсетілген талон шағымның қабылданғандығын растайды. Шағымды қарастырудың барысы туралы 8(7162) 76-29-42 телефоны бойынша білуге болады. 

  6. Байланыс ақпараты

      24. Мемлекеттік қызмет көрсететін Басқарма бастығының, оның орынбасарлары мен жоғарғы органдардың байланыс мәліметтері:
      1) басқарма бастығы: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а"; 401-кабинет, электрондық мекен-жайы: depprom@bk.ru, телефоны: 8 (716 2) 762958, жұмыс кестесі: күн сайын, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі ас, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, қабылдау кестесі: сейсенбі, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін;
      2) басқарма бастығының орынбасары: Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 179 "а"; 404-кабинет, электрондық мекен-жайы: depprom@bk.ru, телефоны: 8 (716 2) 762941, жұмыс кестесі: күн сайын, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі ас, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, қабылдау кестесі: дүйсенбі, жұма, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін;
      4) Ақмола облысының әкімдігі: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 83, ресми сайты: www.akmo.kz.

"Барлауға, өндіруге немесе   
бірлескен барлауға және жалпыға
таралған пайдалы қазбаларды өндіруге
арналған келісім-шарттарды тіркеу"
мемлекеттік қызметті көрсетудің
стандартына қосымша     

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері 

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы мақсатты мәні

Көрсеткіштің есеп  беру жылындағы ағымдағы мәні 

1.Мерзімділігі

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100

98

95

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

85

82

80

2. Сапа

2.1. Қызметті
ұсыну үдерісінің
сапасына қанағаттанған 
тұтынушылардың % (үлесі)

90

85

80

2.2. Құжаттарды
лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

95

90

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті
ұсыну тәртібі
туралы сапаға
және ақпаратқа
қанағаттанған
тұтынушылардың %(үлесі)

90

80

75

3.2. Тұтынушы
құжаттарды дұрыс
толтырған және
бірінші реттен
тапсырған
оқиғалардың %
(үлесі)

80

70

65

3.3. Интернет
арқылы қол
жетімді қызметтерінің ақпарат %
(үлесі)

50

5

40

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Қызметтің
осы түрі бойынша қызмет
көрсетілген
тұтынушылардың
жалпы санына
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

0,5

1

1,5

4.2. белгіленген
мерзімде қаралған және қанағаттандырылған
негізделген
шағымдардың %
(үлесі)

-

-

-

4.3. шағымданудың 
қолданыстағы
тәртібіне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

-

-

-

4.4. шағымдану
мерзіміне
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

-

-

-

5. Сыпайылық

5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына
қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

95

95

95

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады