Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2011.03.10 № А-6/358 қаулысымен
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсетудің стандартын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № а-6/314 қаулысына (нормативтік құқықтық актiлерiнiң Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 3264 болып тіркелген, "Акмолинская правда" газетінде 2008 жылғы 19 тамызда, "Арқа ажары" газетінде 2008 жылғы 19 тамызда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартында:
17-тармағында " және аспирантураны" сөздері алынып тасталсын.
2. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап
күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Рау