Көкшетау қаласының көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы N А-3/570 қаулысы мен Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 20 наурыздағы N С-9/14 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 31 наурызда N 1-1-82 тіркелді.

     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы, 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылым туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес және Көкшетау қаласының тұрғындарының пікірлерін және Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі Көкшетау қалалық комиссияның 2007 жылғы 23 сәуірдегі N 2 шешімін ескере отырып, Көкшетау қаласының әкімдігі  қаулы етеді және Көкшетау қалалық мәслихаты  шешті :
      1. Көкшетау қаласының келесі көше атаулары өзгертілсін:
      1) "В.Чапаев" атындағы көше "Қанай би" атындағы көше болып өзгертілсін;
      2) "Е.Пугачев" атындағы көше "Рақымбек Сабатаев" атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 37 қаулысы мен Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N С-6/17 "Көкшетау қаласының көше атауларын өзгерту туралы" шешімі жойылсын.
      3. Осы қаулы және шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

       Көкшетау қаласының әкімі

      Төртінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының
      тоғызыншы сессияның төрайымы, Көкшетау қалалық
      мәслихатының хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады