Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № С-30/11 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының6-бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді іске асыру Ережесі (бірге берілген) бекітілсін.
2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/15 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуді іске асыру ережесін» бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-1-68 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтарда № 3 «Көкшетау» және 2008 жылғы 17 қаңтарда № 3 «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008.12.23 № С-18/8 шешімімен.
3. Осы шешім Көкшетау қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық мәслихатының
14 сессияның төрағасы М.Жанұзақов
Көкшетау қалалық мәслихатының
2008 жылғы 4 қыркүйектегі
N С-14/12 шешімімен бекітілген
Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру ережесі
1. Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу" 451-007 бюджеттік бағдарламасы бойынша төлемдердің ұйымдастыру тәртібін реттейді.
2. Осы Ережеде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) комиссия - Көкшетау қалалық мәслихатының шешімімен бекітілген жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асыру бойынша комиссия.
2) азаматтардың өтініштерін есепке алу және тіркеу бойынша уәкілетті орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
3. Ережені қабылдау үшін Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" құқықтық негіз болып табылады.
4. Ереженің әрекеті Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңында реттелген қатынастарға таратылмайды.
2. Әлеуметтік төлем алу құқығы
5. Әлеуметтік төлемдерді алуға Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандардың құқығы бар:
1) жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен қалада тұратын отбасылардың (азаматтардың):
жол жүру билеттерін сатып алу үшін, жылына бір рет жартыжылдық жол жүру билетінің құны бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға жатқызылатын студенттердің;
мұқтаждығына байланысты халықтың әлеуметтік-осал жіктеріне жатқызылатын отбасылардың (азаматтардың);
жан басына шаққандағы табыстары ай сайын 0,5 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінде кедейшілік шегінен аспайтын аз қамсыздандырылған отбасыларға тоқсанына бір рет төлем төлеу;
оқушы балаларға жазғы сауықтыру жолдамасын сатып алатын отбасылар.
2) анықталған жағдайларға байланысты, жан басына шаққандағы орта табысына қарамастан, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылар (азаматтар):
мерекелік күндерге қарсы жекелеген санаттағы азаматтар;
өмірдегі қиын жағдайларға ұшыраған отбасыларға (азаматтарға);
онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету;
төтенше жағдайларда: өрт, денсаулық жағдайы нашарлағанда, авариялар мен басқа да күтпеген жағдайларға тап болған отбасылар (азаматтар);
cауықтандыру үшін 1, 2, 3 топ мүгедектері, ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен соғысқа қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар, Социалистік Еңбек Ерлері;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметер үшін өтемақы төлеу;
зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және соғысқа қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, сондай-ақ, Семей ядролық сынақ полигонындағы аймақтарда зардап шеккен тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы ауруханаларға бару үшін жолақы төлеу.
3. Әлеуметтік төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
6. Төлемдер бойынша жұмыс ұйымдастыру мақсатында Көкшетау қалалық мәслихат депутаттары, "Көкшетау қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, "Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері арасынан (келісім бойынша) комиссия құрылады. Құрамы он бір адамнан тұратын комиссияның дербес құрамы қалалық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
Комиссия отырысы айына ең кем дегенде бір рет өткізілуге тиісті.
7. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы азаматтардың өтініштерін қарау;
2) көмек сұрап келген отбасылардың (азаматтардың) қамсыздандыру деңгейін және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын тексеру келесі санаттағы тұлғаларға жүргізілмейді:
онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және соғысқа қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, сондай-ақ, Семей ядролық сынақ полигонындағы аймақтарда зардап шеккен тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағындағы ауруханаларға бару үшін жолақы төлеуге;
жан басына шаққандағы табыстары 0,5 АЕК мөлшерінде әлеуметтік төлем алатын, кедейшілік шегінен аспайтын аз қамсыздандырылған отбасыларға;
мерекелік күндерге қарсы жекелеген санаттағы азаматтарға;
сауықтандыру үшін 1, 2 және 3 топ мүгедектері, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен соғысқа қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғаларға, Социалистік Еңбек Ерлеріне;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтер үшін өтемақы төлеу;
зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ ақылы операция жасау үшін;
3) әлеуметтік көмектің көрсетілмейтіндігі немесе тағайындалғандығы туралы шешім қабылдау.
4. Әлеуметтік төлем төлеу тәртібі және мөлшері
8. Әлеуметтік төлем жылына бір рет ақшалай түрде отбасының бір мүшесіне (азаматқа) комиссия қорытындысы бойынша беріледі.
9. Әлеуметтік төлем алуға үміткер адам өкілетті органға өтініш ұсынады және өтінішке қоса келесі құжаттар тіркеледі:
1) жеке куәлік;
2) салық төлеушінің нөмірі (СТН);
3) үй кітабының көшірмесі;
4) отбасының барлық мүшелерінің өткен тоқсандағы кірісі туралы анықтама;
5) әлеуметтік төлемді қажет ететіндігін куәландыратын құжаттар (дәрігерлік консультациялық кеңестің (ДКК) анықтамасы, емдейтін дәрігердің рецепті, өрт сөндіру инспекциясының анықтамасы, қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі және тағы басқалар).
10. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға әлеуметтік төлем жан басына шаққандағы орташа табысы кедейшілік шегінен 0,5 АЕК мөлшерінен жоғары болмаса екінші қайтара құжаттарды ұсынбай-ақ, әлеуметтік көмек секторының тізімі бойынша төленеді.
11. Әлеуметтік төлем өтініш берушінің есеп шотына қаржыны аудару жолы арқылы жүзеге асырылады.
12. Әлеуметтік төлем мөлшері әрбір нақты жағдайда комиссиямен анықталады.
Көмектің ең үлкен мөлшері сәйкес жылға арналған Республикалық бюджет туралы Заңда анықталған 30 АЕК аспауы керек.
13. Мереке күндері қарсаңында әлеуметтік көмек жиынтық тізілімнің негізінде осы тармақта көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз-ақ, олардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады:
1) 9 мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге;
кәмелетке толмаған фашистік лагерьлердің тұтқындарына - 3000 теңге;
блокадалық Ленинград тұрғындарына - 3000 теңге;
Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне - 3000 теңге;
марапатталған тыл еңбеккерлеріне - 7000 теңге;
соғыс жылдары 6 және одан да көп ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
2) 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Күміс алқа», «Алтын алқа», «Батыр ана» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға - 8000 теңге;
3) балаларды қорғау күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 3000 теңге;
4) «Күміс алқа», «Алтын алқа» белгілерімен жаңадан марапатталған көп балалы аналарға - 5000 теңге.
Ескерту. 4-тараудың 13-тармағы жаңа редакцияда - Көкшетау қалалық мәслихатының 2008.12.23 № С-18/8 шешімімен.
5) Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарын жоюға қатысқандарды еске алу күніне орай - 5000 теңге.
Ескерту. 5 тармақшасымен толықтырылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2009.03.30 № С-22/7 шешімімен.
14. Оқушыларды жазғы сауықтыру демалыстарына, сауықтандыру үшін әлеуметтік төлемдерді осы мәселемен айналысуға құқығы бар ұйымдардың есеп шоттарына жіберіледі.
15. Өкілетті орган зейнетақы төлеу Орталығының деректерінің негізінде қалалық бюджет осы мақсатқа бөлген қаражатының шегінде әлеуметтік төлемдер төлеу үшін азаматтардың тізімін құрады және ұсынады, тізімнің сенімділігіне жауап береді.
16. Өтініш беруші өтініштер мен құжаттарда көрсетілген мағлұматтардың толықтығы мен нақтылығы үшін заңға сәйкес жауап береді.
5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру
17. Әлеуметтік төлемдер бойынша шығынды қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу" 451-007 бюджеттік бағдарламасы бойынша қалалық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асырылады.
6. Әлеуметтік төлемдердің жүзеге асырылуын бақылау
18. Әлеуметтік төлемдер бойынша есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.