Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 23.04.2013 № С-16/16 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкшетау қаласының жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету:
1) Көкшетау қаласында тұрақты тұратын жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға (азаматтарға), азаматтардың өтініші бойынша:
балаларды сауықтыру үшін жылына бір рет жолдама сатып алу;
білім беру мекемесінің шарты негізінде күндізгі бөлімде оқитын колледж студенттерінің оқуы үшін төлеміне жылына бір рет оқу құнының мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету;
2) анықталған жағдайларға байланысты, жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыларға (азаматтарға):
отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіш болатын денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауыратын адамдарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
өрт, су апаты, басқа да табиғи және техногендік сипаттағы айрықша жағдайларда біржолғы отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 1, 2 және 3 топ мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы мерзімде тылда 6 айдан кем емес уақыт жұмыс өтілі анықталған тұлғалар мен еңбек ардагерлеріне, Социалистік Еңбек Ерлеріне сауықтыру үшін өтініштің берілген күніне сәйкес кезек бойынша;
4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге әр ай сайын 2,5 айлық есептік көрсеткіш төлеуге;
5) отбасының жан басына шаққандағы орташа жиынтық табысы он жеті айлық есептік көрсеткіш болатын зейнеткерлерге Ақмола облысының аумағында ақысыз баламасы жоқ, ақылы операция жасау үшін – жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және Семей ядролық сынақ полигонындағы аймақтарда зардап шеккен тұлғаларға жол ақы құжаттарының негізінде (ары-бері жүруіне) Қазақстан Республикасының аумағындағы госпитальдарға бару үшін темір жол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) көрсетілген көлік құралдарының бірімен кететін станциядан госпитальге дейін жол ақы төлеу;
7) Көкшетау қаласындағы мемлекеттік медициналық мекемелермен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған жоғары медициналық оқу орындарының студенттерінің соңғы курс оқуының төлемі ұсынылған шотқа сәйкес төленсін;
8)ұсынылған атқарылған жұмыс актісіне және төлем туралы шотқа сәйкес химиятерапиядан өткен туберкулез ауруын жұқтырған мектеп жасындағы балаларға мектеп асханаларына ақша қаражатын аудару арқылы ыстық тамақ ұйымдастыруға;
9) мереке күндері қарсаңында әлеуметтік көмек жиынтық тізілімінің негізінде осы тармақшада көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз-ақ, олардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады:
9 Мамыр Жеңіс күніне орай:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге;
фашистік лагерьлерде болған кәмелетке толмаған тұтқындарға – 3000 теңге;
блокадалық Ленинград тұрғындарына - 3000 теңге;
Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне - 3000 теңге;
марапатталған тыл еңбеккерлеріне - 7000 теңге;
соғыс жылдары алты және одан да көп ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
балаларды қорғау Күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 3000 теңге;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 85,90 және одан да жоғары жасқа толған мерейтой иелеріне біржолғы - 5 000 теңге;
90 жасқа толған зейнеткерлерге - 50 000 теңге;
100 жасқа толған зейнеткерлерге - 100 000 теңге;
Чернобыль атом электро-станциясындағы апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектерді еске алу күніне орай - 5 000 теңге;
Интернационалист жауынгерлерге Ауғанстаннан әскерді шығарған күнге орай - 5 000 теңге;
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Батыр ана» атағы бар «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға – 5 000 теңге;
Зейнетақы мөлшері ең төмен зейнеткерлерге 1 қазан қарт адамдар күніне орай – 2 000 теңге.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012.05.03 № С-5/7(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.06.20 № С-6/7 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен
2. Өкілетті орган - «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған санаттарға біржолғы материалдық көмек тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
3. Біржолғы әлеуметтік көмек көрсету шығындарын қаржыландыру 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен жүргізілсін.
4. Қызметтердің төлемдері «Қазпошта» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы және «Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен заңнамада белгіленген тәртіпте жасалған шарт негізінде жүргізіледі.
5. Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/12 «Жекелеген санаттардағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асыру Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік аумақтық тіркелімінде нөмірі 1-1-90 болып тіркелген, 2008 жылғы 23 қазандағы № 44 «Көкшетау» және 2008 жылғы 23 қазандағы № 44 «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
7.Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының
30-шы сессияның төрағасы Б.Яндиев
Төртінші шақырылған
Көкшетау қалалық
мәслихатының хатшысы Қ.Мұстафина
КЕЛІСІЛДІ:
Көкшетау қаласының әкімі Б.Сапаров
«Көкшетау қаласының
жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» Мемлекеттік
мекемесінің бастығы Қ.Ахметов
«Көкшетау қаласының
қаржы бөлімі» Мемлекеттік
мекемесінің бастығы Ө.Ыдырысов
«Көкшетау қаласының
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Омарова