Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/12 "Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N C-18/8 шешімі. Ақмола облысы Көкшетау қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 қаңтарда N 1-1-95 тіркелді. Күші жойылды - Көкшетау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 21 сәуірдегі № С-34/28 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкшетау қалалық мәслихатының 2010.04.21 № С-34/28 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

       1. Көкшетау қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 қыркүйектегі № С-14/12 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-1-90 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 23 қазанда «Көкшетау» № 44 және 2008 жылғы 23 қазанда «Степной маяк» № 44 газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген шешімнің 2 тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      «2. Көкшетау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-6/15 «Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлем төлеуді іске асыру ережесін» бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде 1-1-68 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 17 қаңтарда № 3 «Көкшетау» және 2008 жылғы 17 қаңтарда № 3 «Степной маяк» газеттерінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.»;
      көрсетілген шешіммен бекітілген Жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асыру ережесіндегі:
      4 тараудың 13 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «13. Мереке күндері қарсаңында әлеуметтік көмек жиынтық тізілімнің негізінде осы тармақта көрсетілген адамдарға қаржыны өтінішсіз-ақ, олардың есеп шотына аудару жолымен жүзеге асырылады:
      1) 9 мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - 15000 теңге;
      кәмелетке толмаған фашистік лагерьлердің тұтқындарына - 3000  теңге;
      блокадалық Ленинград тұрғындарына - 3000 теңге;
      Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің жесірлеріне - 3000 теңге;
      марапатталған тыл еңбеккерлеріне - 7000 теңге;
      соғыс жылдары 6 және одан да көп ай жұмыс істеген тыл еңбеккерлеріне - 5000 теңге;
      2) 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Күміс алқа», «Алтын алқа», «Батыр ана» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға - 8000 теңге;
      3) балаларды қорғау күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 3000 теңге;
      4) «Күміс алқа», «Алтын алқа» белгілерімен жаңадан  марапатталған көп балалы аналарға - 5000 теңге.».

      2. Осы шешім Көкшетау қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төртінші шақырылған Көкшетау
      қалалық мәслихатының 18-ші
      сессияның төрайымы, Көкшетау
      қалалық мәслихатының хатшысы                     Қ. Мұстафина

      КЕЛІСІЛДІ:
      Көкшетау қаласының әкімі                          Б. Сапаров

      «Көкшетау қаласының
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                                Қ. Ахметов

      «Көкшетау қаласының
      қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                                Ө. Ыдырысов

      «Көкшетау қаласының
      экономика және бюджетті
      жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                                А. Омарова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады