Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №4С-4/8 "Табысы аз отбасыларға және жалғызбасты азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 4С-11/9 шешімі. Ақмола облысы Жарқайың ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 қаңтарда № 1-12-101 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012 жылғы 6 наурыздағы № 5С-2/5 шешімімен

      Ескерту.  Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2012.03.06 № 5С-2/5 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес және 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 11-02/2729 «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынуымен, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуден өткізудің Аймақтық Тізілімінде 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 1-12-76 болып тіркелген, «Целинное знамя» аудандық газетінде 2008 жылғы 1 ақпандағы № 5 болып жарияланған) Жарқайың аудандық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 4С-4/8 «Табысы аз отбасыларға және жалғызбасты азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешімінің Табысы аз отбасыларға және жалғызбасты азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі туралы Ережесіне келесі толықтырулар енгізілсін:
      1.3 тармақшасы төмендегідей мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      коммуналдық қызметті пайдалану есеп құралдары бар тұтынушы үшін есепке алынатын шығындар, өткен тоқсанға нақты шығындар бойынша анықталады;
      1.4 тармақшасы төмендегідей мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      бір айға электроэнергия пайдалануға өтемақы нормалары санауыш көрсеткіші бойынша белгіленеді, бірақ жалғызбасты азаматтар үшін 70 кВт, отбасының әр мүшесіне және 2 немесе одан да көп адамы бар отбасы үшін 50 кВт жоғары емес.
      Газ баллонмен өтемақы нормасы жалғызбасты азаматтар үшін 1 баллон, 2 немесе одан да көп адамнан тұратын отбасылар үшін отбасының әр мүшесіне 0,5 баллон.
      Жергілікті жылу жүйесі бар баспана үшін қатты отынды пайдалануға өтемақы нормасы пайдалы алаңның 1 шаршы метріне 78 кг белгіленсін (жылу жүйесі маусымы 7 ай). Алдыңғы тоқсанда құрылған статистикалық деректеріне сәйкес көмірдің орташа бағасы алынсын.
      Жергілікті жылу жүйесі бар жеке үйде тұратын аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегі тұрғын үй меншік иесіне, баспана арендасына келісім-шарты бар жалдаушыға беріледі.
      Статистикалық деректеріне сәйкес тоқсанның соңғы айдың, өткен тоқсанның тұрғын үй көмегі есебінен (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) жағдайы бойынша көмір бағасын есептеу үшін аудан бойынша орташа бағасы қолданылсын.
      Көрсетілген шешімінің атауында және 1 тармағында «және жалғызбасты азаматтарға» деген сөздер шығарылсын.
      2. Осы шешім Жарқайың ауданының Әділет басқармасында   мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                    Д. Шәкіров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                  Б.Швачкин

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Жарқайың ауданының
      «Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                     В.Сидорина

      Жарқайың аудандық
      статистика бөлімінің
      бастығы                                Ж.Жаңабеков

      Жарқайың ауданының
      «Қаржы бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                     Б.Ахметова

      Жарқайың ауданының «Экономика
      және бюджеттік жоспарлау
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                  З.Қоржымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады