"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес және Ырғыз ауданы" өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес Тәуіп ауылдық округі құрамы аумағынан жалпы алаңы 208780 гектар Жайсаңбай елді мекені мен Қойсан, Исатай, Көксай, Дәрмен, Балтабай, Ешман, Қоренкөл, Күйіккөл, Төртіғұл қоныстары шығарыла отырып өзгертілсін;
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қоса беріліп отырған сызба-картаға сәйкес аумағының жалпы алаңы 1588170 гектар әкімшілік орталығы Жайсаңбай ауылы болып Жайсаңбай ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылып, оның құрамына аумағының жалпы алаңы 208780 гектар Тәуіп ауылдық округінің құрамынан шығарылған Жайсаңбай елді мекені және қоныстары және мемлекеттік жер қорынан 1379390 гектар жер кіргізілсін.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 14.08.2017 № 280 қаулысымен және Ақтөбе облысының мәслихатының 14.08.2017 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Ырғыз ауданының әкiмі (Дуанбеков М.Қ.) жаңадан құрылған әкімшілік-аумақтың бірлікті мемлекеттік басқаруды және қаржыландыруды қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді шешсін.
4. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д. Мұқаев) облыстық әкімшілік-аумақтық бірліктердің есептік деректеріне тиісті өзгерістер енгізсін.
5. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
6. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. САҒЫНДЫҚОВ |
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | К. ЖҰМАБАЕВ |