Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімдігінің 2009.05.19 № 113 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Мерзімді әскери қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» жарлығының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 128 «Мерзімді әскери қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» бұйрығының негізінде, облыс әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 110 «2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді кезекті әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскери қызметке шақыру күніне 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты жасы үлкен ер жынысты азаматтарды әскери қызметке шақыру 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында іске асырылсын.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы кұрылсын.
3. Бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан мекемелер мен кәсіпорындардың, оқу орындары мен ұжымдық мекемелердің басшылары, шақырушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырып, осы шақырумен уақытылы келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын, селолық округ әкімдері міндеттелсін. Шақыру комиссиясын жалғастыру кезінде әскерге шақырылушы оқудан және жұмыстан жалақысы (степендиясы) сақталып босатылсын. Әскерге шақырылушыны іссапар (демалыстан) шақырып алып, оларды құлақтандыруды ұйымдастырып, уақытында шақыру пунктіне жетуін қамтамасыз етсін.
4. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (Бахонов Ә.К.):
1) әскерге шақырылушылардың денсаулығын анықтау үшін шақыру
комиссиясынан өту кезіңінде дайындығы, тәжірибесі мол дәрігер-мамандарды бөлсін;
2) дәрігер–мамандарды, антропометрия кабинетін орта буын медбикелермен қамтамасыз етсін;
3) 2008 жылдың көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру кезінде күн сайын демалыс және мереке күндерінен басқа күндері емханада кем дегенде 50 әскерге шақырылушының анализ тапсыруын, электрокардиограмма жасауын, қанның тобын, резус факторын анықтауын, флюорографиялық тексеріс өткізуді қамтамасыз етсін;
4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақырылушылардың жеке амбулаториялық медициналық қағаздарын, нервті-психикалық, туберкулез, терівенерология, жұқпалы трахома, ішкі органдардың созылмалы, сүйек, бұлшық ет, буындары ауыратындардың тізімін және ауруының тарихынан көшірмелер, дәрігерлер берген диспансерлік тексерудің қорытындысы бар мәліметтерін тапсыру міндеттелсін;
5) стационарлық (амбулаториялық) тексеру мен емделуге мұқтаж әскерге шақырылушылардың қай емдеу мекемесінде тіркелетінін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына мәлімдесін;
6) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктін қажетті құрал-жабдықтармен, медициналық, шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін;
7) стационарда емделіп жатқан әскерге шақырылу жасындағы барлық азаматтар туралы мәліметті үш күн мерзім ішінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау ұсынылсын;
8) қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының жолдамасымен келген әскерге шақырушыларды стационарлық және амбулаторлық тексеруден өткізу қамтамасыз етілсін, ол үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде қажетті орындар бөлсін.
5. Қарғалы ауданы әділет басқармасы бастығының міндетін атқарушыға (Г.Қ.Сүлейменова) әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери құжаттарында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери есепке алу немесе шығу белгісі болған жағдайда ғана тіркеу жүргізу ұсынылсын.
6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына ( А.Қ.Исмаилов):
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің тапсырысы бойынша шақыру комиссиясын өткізу кезеңінде тәртіпті сақтау мақсатында құрамында 2 адамнан полиция жасағын бөлу, шақырушыларды облыстық шақыру пунктіне апарып, алып қайтқанда тәртіпті қадағалауға 1 адам бөлу;
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке алуға, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу, олардың әскери есептің ережелерін орындауын бақылауды іске асыру және әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер арасынан осы ережелерді бұзушыларды анықтауға жәрдем ету;
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан бас тартқандарды іздестіру және ұстау жұмыстарын жүргізуге шаралар алу;
4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұрауы бойынша есепте тұрған 1981-1990 жылы туған шақырылушылардың тізімін беру;
5) жеті күн мерзімі ішінде үстінен жауап алынып, тергеу жүргізіліп жатқан шақырылушылар туралы хабарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау ұсынылсын.
7. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (Берденова Ұ.А. ) жеті күн мерзімі ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына заңды түрде мүгедек деп танылған әскери міндеттілер мен шақырылушылар туралы хабарласын.
8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Қасымова Ш. Ә.) азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен іске асырсын.
9. Қарғалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Құмаров А.М.) 2008 жылдың 25 маусымына және 25 желтоқсанға дейін осы қаулының орындалуы туралы ақпарат берсін.
10. Шақыру кезінде комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің, сол сияқты қызмет ететін қызметкерлердің шақыру пункттерінде қызмет еткен уақыттарында жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталады.
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
12. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі № 95 «2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскери құрылымдарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы» қаулының күші жойылды деп танылсын.
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Д.Тынымгереевке жүктелсін.
Аудан әкімі М.Жұмағазиев
Аудан әкімдігінің
2008 жылғы 10 сәуірдегі № 52
қаулысына ҚОСЫМША
Аудандық шақыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ:
Құмаров - қорғаныс істері жөніндегі
Ардақ Мақсоткерейұлы бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасы;
Байсеуіпов - аудандық ішкі саясат
Қанат Асылханұлы бөлімінің бастығы, комиссия
төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Алданов - аудандық ішкі істер бөлімі
Абат Қайырбекұлы бастығының орынбасары
(келісім бойынша);
Любина - дәрігер, медициналық
Тамара Ивановна комиссияның төрайымы;
Лау Ольга - медбике, комиссияның хатшысы.