Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімінің аппаратының 22.02.2013 № 04-53 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекет басқару туралы" N 148 Заңының 33, 37 баптарына, 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" N 74 Заңының 17 бабының және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысымен бекітілген ережесіне сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылдың 12 қаңтары мен 31 наурызы аралығында Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17–ге толатын 1992 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
2. Ауылдық округ әкімдері, аудандық орталық аурухана (А. Оразаев), аудандық білім бөлімі (Р. Шабарова), аудандық ішкі істер бөлімі (Н. Өрісбаев)осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (М. Құстұртова) азаматтарды тіркеу жөніндегі іс – шараларды уақытында қаржыландыру бойынша шаралар қабылдасын.
4. Қобда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (С. Жамантаев) 2009 жылғы 3 сәуірге дейін осы шешімнің орындалу қорытындысы туралы аудан әкіміне хабарласын.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б Елеуасіноваға жүктелсін.
6. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Л. Исмағамбетова