Мұғалжар ауданы, Батпақкөл ауылдық округі, Жағабұлақ ауылында көше атауын қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 30 маусымдағы N 8 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2008 жылдың 4 тамызда N 3-9-68 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес, Жағабұлақ ауылы тұрғындарының конференциясы және аудандық ономастика комиссия отырысының 2008 жылғы 12 маусымдағы № 3 хаттамасының негізінде, Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің әкімінің 24.03.2017 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жағабұлақ ауылындағы Набережная көшесі Бірлік деп қайта аталсын.
      2. Жағабұлақ ауылындағы Нефтянников көшесі Жастар деп қайта аталсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа он күнтізбелік күнінен кейін енгізіледі.
      Батпақкөл ауылдық
      округі әкімі: Ж. Алданиязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады