Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 3-тармаққа сәйкес, Сазы ауылы тұрғындарының, Еңбекшіқазақ ауданы өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Алматы облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылдық округінің Сазы ауылы, жер пайдалану шегі аумағымен бірге осы ауданның Ақши ауылдық округіне әкімшілік бағыныштылыққа берілсін.
2. Облыстық статистика басқармасы облыстық әкімшілік-аумақтық бірліктерінің есепке алынуы мен тіркелуіне, сондай-ақ олардың бағыныштылығына тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Алматы облысының жер қатынастары басқармасы, жер есептеу құжаттарына қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзгерістер енгізсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімнің бірінші орынбасары В.А.Долженковқа жүктелсін.
5. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихаттың
хатшысы