Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Төмендегі ауылдық округ пен ауылдардың атаулары:
1) Балқаш ауданындағы Орақбалға ауылының атауы Орақты батыр ауылы;
2) Жамбыл ауданындағы Рославль ауылдық округінің атауы Мәтібұлақ ауылдық округі және Рославль ауылының атауы Мәтібұлақ ауылы;
3) Жамбыл ауданындағы Горный ауылының атауы Таңбалытас ауылы;
4) Панфилов ауданындағы Жаркент ауылының атауы Қырыққұдық ауылы;
5) Панфилов ауданындағы Соцжол ауылының атауы Бөрібай би ауылы болып өзгертілсін.
2. Балқаш, Жамбыл, Панфилов аудандарының әкімдері белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстың әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгерістер енгізсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі
Алматы облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Алматы облыстық
мәслихатының хатшысы