Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 4-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ, және облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округіндегі бұрынғы Ақын Сара ауылының атауы Ақтұма ауылы;
Бақтыбай Жолбарысұлы ауылдық округіндегі бұрынғы Бақтыбай ауылы Өтенай ауылы болып өзгертілсін.
2. Ескелді ауданының әкімі белгіленген тәртіппен осы шешімді орындасын.
3. Облыстық статистика басқармасы (Б. Төлепбаев) облыстық әкімшілік-аумақтық бірліктерін есепке алу мен тіркеуіне өзгеріс енгізсін.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі
Алматы облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Алматы облыстық
мәслихатының хатшысы