Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабындағы 3-тармаққа сәйкес, Іле ауданындағы "Рахат" ауылы, "71 разъезд" станциясы, "Ақсеңгір" станциясы тұрғындарының, Іле және Қарасай аудандары өкілетті және атқарушы органдарының пікірін ескере, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле ауданындағы "Рахат" ауылы, "71 разъезд" станциясын, "Ақсеңгір" станциясын Қарасай ауданының Елтай ауылдық округіне өткізіп бере отырып, олардың әкімшілік бағыныстылығы өзгертілсін.
2. Облыстық статистика басқармасы облыстың әкімшілік-аумақтық бірлігін есепке алуға және тіркеуге тиісті өзгертулер енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ғ.Баталовқа жүктелсін.
4. Әкімдіктің осынау қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімі бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі С. Үмбетов
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы К. Нүсіпов
Облыстық мәслихаттың
хатшысы А. Сыдық