Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі N 10-395 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2008 жылы 30 мамырда N 2-1-83 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 08 маусымдағы N 14-386 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 08.06.2009 N 14-386 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 2-бабы 1-тармағына, Талдықорған қалалық мәслихатының 2008 жылдың 14 сәуірдегі "2007 жылғы 14 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2008 жылғы бюджеті туралы" N 26 шешіміне өзгерістер туралы N 46 шешімін (2008 жылдың 22 сәуірінде Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2-1-77, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 25 сәуірдегі 17 нөмірінде жарияланды), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылдың 21 қыркүйегіндегі N 09-01-17/5871 хатын орындау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш.Мұхаметжан) ұн және нан өнімдерінің бағасы өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қатарынан, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2008 жылдың 01 сәуірінен ай сайын әлеуметтік көмектің төленуін қамтамасыз етсін.
       2. "Талдықорған қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Р.Мәженов) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
       3. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 15 қарашадағы "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 31-2461 (Талдықорған қаласының әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 28 қарашадағы тіркелген нөмірі 2-1-57, "Талдықорған" газетінің 30 қарашасындағы 48 нөмірінде жарияланды) каулысының күші жойылды деп танылсын.
       4.0сы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л. Базарқұловаға жүктелсін.
       5.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады