Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 08.06.2009 N 14-386 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға келесі орындар белгіленсін:
1) Тәуелсіздік көшесі ("Рахат" аялдамасы).
2) Политехникалық колледж ("Политехникалық колледж" аялдамасы).
3) 9 алаң ("Қазпошта" бөлімшесі).
4) N 13 орта мектебі (N 13 орта мектептің жанында).
5) N 11 орта мектебі (N 11 орта мектептің жанында).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Т.Базарқұловаға жүктелсін.
3. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 19 шілдедегі "Қазақстан Реслубликасы Парламенті Мәжілісіне және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" N 19-1319 (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 19 шілдедегі тіркелген нөмірі 2-1-50, "Талдықорған" газетінің 2007 жылғы 20 шілдедегі 29 нөмірінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров