Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 67 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының әділет басқармасында 2008 жылы 25 сәуірде N 2-3-45 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әлеуметтік, жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнінде жүмыс берушілермен келісім шарт жасау үшін "Текелі каласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне уәкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі каласының әкімі         С. Бескемпіров

"Әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру туралы" Текелі
қаласы әкімдігінің 2008 жылғы
14 наурыздағы N 67 қаулысына
қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу
ТӘРТІБІ

      Осы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі (бұдан - әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен камту туралы" Заңына сәйкес, нысаналы топтағы халықтың жұмыспен қамтылу шараларын кеңейту мақсатында жасалған.

1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже өтінішпен келген нысаналы топтағы халықты жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын және қаржыландырылуын анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын ұйымдармен негізгі шарттар және есептеу жүйесін реттейді.

      2. Осы Ережеде қолданылатын, негізгі түсініктемелер:
      1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;

      3. Әлеуметтік жұмыс орны үш ай мерзіміне беріледі.

      4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының еңбек туралы кодексі, зейнетақымен қамту және сақтандыру заңдары өз күшін сақтайды.

2. Жұмыс берушілерді іріктеу Тәртібі

      5. Әлеуметтік жүмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілер келесі өлшемдер бойынша іріктеледі:
      1) әлеуметтік жұмыс - орындары нысаналы топтағы жұмыссыз азаматтарға арналуы тиіс;
      2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша болғандықтан оны ұйымдастыру үшін тұрақты және бос жұмыс орындары пайдаланбауы тиіс;
      3) жұмыс берушінің жартылай жұмыс күнін немесе ыңғайлы кесте бойынша жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
      4) әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік жағынан пайдалы болуы керек.

      6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға тілек білдірген жұмыс берушілер жергілікті атқарушы органмен жұмыс түрі, көлемі, мөлшері және еңбекақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және мерзімі көрсетілген келісім шарт жасайды.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру шарттары және көздері

      7. Еңбек туралы кодексінің негізінде жасалған ай сайынғы жеке еңбек келісім шартына сәйкес және атқарылатын жұмыстың көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс берушінің жұмыссыздарға төлейтін тиісті өтемақы шығындары қалалық бюджетте қарастырылған қаражат көлемінде жүзеге асырылады.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды бақылау

      9. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруды бақылау заңмен белгіленген тәртіпте өкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады