Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2010.02.26 N 31-187 шешімімен
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97-бабы 2 тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы Серпербаев Серікбек
Ақсу аудандық мәслихатының
2008 жылғы 30 қаңтардағы
"Тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі және мөлшері
туралы" N 5-29 шешіміне
қосымша
Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджетінің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
5. Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
6. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 55 жасқа толғандар, күтімге мұқтаж деп танылған 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін деп танылған 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып - күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
7. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
8. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
9. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары (жалгерлік) оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса тұрғылықты жеріндегі поселкелік, ауылдық учаскелік комиссияға төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
2) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда;
3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет) немесе жал шарты (жалдау);
4) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда);
5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен айға, тоқсан сайын);
7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
8) салық төлеушінің нөмірі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
10. Белгілі санаттағы тұлғалар үшін, жұмыссыз-жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, мүгедек- медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясынан анықтама,жалғыз басты ана N 4 үлгідегі анықтама (Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімі берген).
11. Поселкелік, ауылдық округ әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді.
12. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс; (жұмыс жасамаса жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, бас бостандығынан айырылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда екендігін растайтын анықтама, туберкулез,психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) есепте тұрса немесе емдеуде, еңбекпен емдеу профилакториясында болғаны жөнінде анықтама өткізсе, Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетке тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда алимент есепке алынбайды);
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына-қалалық жерде тұратындарға- бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
13. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
2) тұрғын үй көмегi;
3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
5) ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
14. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.
15. Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне ұсынады.
16. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
17. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
18. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
19. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
20. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.
3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар
21. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
1)газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон;
2)электр жүйесін қолдану;
1 адамға – 45 киловатт;
2 адамға - 90 киловатт;
4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт.
3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
4) от жағу маусымына 3 тонна көмір;
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
22. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудан әкімі тоқсан сайын бекітеді.
23. Тұрғын үй көмегінің төлемі "Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен аудандық пошта бөлімі филиалы арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.