Жансүгіров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 67 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 18 сәуірде N 2-4-66 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2009.09.07 N 254 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңның 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Жансігүров поселкелік округінде ірі қара және ұсақ мал ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринариялық режим белгіленсін.
       2. Жансігүров поселкелік округі бойынша бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Б.Тынышбаевқа жүктелсін.
       4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Ә. Дүйсембаев

Ақсу ауданы әкімдігінің 2008
жылғы 08 сәуірдегі "Жансігүров
поселкелік округінде бруцеллез
ауруының шығуына байланысты
шектеу іс-шараларын белгілеу
туралы" N 67 қаулысына
қосымша

Жансігүров поселкелік округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты ветеринариялық режим белгіленген аулаларда оның алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралары.

 

Іс-шаралар аталуы

Орындалу мерзімі

Жауапты адамдар

Ұйымдық - шаруашылықтың шаралары

1

Поселкелік округте ауылшаруашылық малдардың толық есебін жүргізу, жануарлардың барлық түрін бірдейлендіруден өткізу

2008 жылдың қаңтар-шілде айларында

поселкелік округінің әкімі аппаратының мамандары, поселкелік округтің ветеринариялық инспекторы  (келісуімен), мал иесі (келісуімен)

2

Арнайы мал соятын орындар мен өлген малдарды тастайтын шұңқырды осы елді мекенде жасау

2008 жылдың қараша айына дейін

поселкелік округінің әкімі

Арнайы ветеринариялық шаралар

1

Бруцеллез ауруымен ауырған малдарды тез арада жалпы отардан аластау

Дереу

поселкелік округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), поселкелік округінің әкімі, мал иесі (келісуімен)

2

Ауру шыққан ауладағы басқа малдардан екі қайтара 15-21 күн сайын қан алынып, 2 рет таза нәтиже шыққанша

Ветеринариялық заңдылықтарға сәйкес тұрақты түрде

поселкелік округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен)

3

Мал тұрған қоралар мен аулаларды қидан тазарту және мал сойған орындарды арнайы дәрілермен  залалсыздандырудан өткізу

Тұрақты түрде

поселкелік округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен)

4

Ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз ауру ошағына сырттан мал алып келу немесе алып шығуға тыйым салынсын.

Аурудан сауықтырғанша

поселкелік округтің әкімі, поселкелік ветеринариялық инспекторы (келісуімен)

5

Ауру ошағы территориясынан мал азығын дайындауға, оны басқа жерге алып шығуға тыйым салынсын.

Аурудан сауықтырғанша

поселкелік округінің әкімі, поселкелік ветеринариялық инспекторы (келісуімен)

6

Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруына тексерілуін жүргізу

Тұрақты түрде

Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен)

7

Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруынан сақтану шаралары жөнінде насихат жұмысын жүргізу

Тұрақты түрде

Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен)

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады