Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімдігінің 2008.12.23 N 375 қаулысымен
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңның 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Ақсу аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылту ауылында ұсақ мал ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринариялық режим белгіленсін.
2. Қызылту ауылы бойынша бруцеллез ауруының ошағын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Тынышбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә. Дүйсембаев
Ақсу ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 15 мамырдағы
N 119 қаулысымен бекітілген
қосымша
Қызылту ауылдық округінде бруцеллез ауруының шығуына байланысты ветеринариялық режим белгіленген аулаларда оның алдын алу және жою жөніндегііс-шаралары.
|
Іс-шаралар аталуы |
Орындалу мерзімі |
Жауапты адамдар |
|
Ұйымдық - шаруашылықтың шаралары |
||||
1 |
Ауылдық округте ауылшаруашылық малдардың толық есебін жүргізу, жануарлардың барлық түрі бірдейлендіруден өткізу |
2008 жылдың қаңтар-шілде айларында |
ауылдық округінің әкімі аппаратының мамандары, ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), мал иесі (келісуімен) |
|
2 |
Арнайы мал соятын орындар мен өлген малдарды тастайтын шұңқырды осы елді мекенде жасау |
2008 жылдың қараша айына дейін |
ауылдық округінің әкімі |
|
Арнайы ветеринариялық шаралар |
||||
1 |
Бруцеллез ауруымен ауырған малдарды тез арада жалпы отардан аластау |
Дереу |
ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), ауылдық округінің әкімі, мал иесі (келісуімен) |
|
2 |
Ауру шыққан ауладағы басқа малдардан екі қайтара 15-21 күн сайын қан алынып, 2 рет таза нәтиже шыққанша |
Ветеринариялық заңдылықтарға сәйкес тұрақты түрде |
ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен) |
|
3 |
Мал тұрған қоралар мен аулаларды қидан тазарту және мал сойған орындарды арнайы дәрілермен залалсыздандырудан өткізу |
Тұрақты түрде |
ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен), мал иесі (келісуімен), кәсіпкер мал дәрігері (келісуімен) |
|
4 |
Ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз ауру ошағына сырттан мал алып келу немесе алып шығуға тыйым салынсын. |
Аурудан сауықтырғанша |
ауылдық округінің әкімі, ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен) |
|
5 |
Ауру ошағы территориясынан мал азығын дайындауға, оны басқа жерге алып шығуға тыйым салынсын. |
Аурудан сауықтырғанша |
Ауылдық округінің әкімі, ауылдық округтің ветеринариялық инспекторы (келісуімен) |
|
6 |
Ауру шыққан ауладағы адамдардың бруцеллез ауруын тексерілуін жүргізу |
Тұрақты түрде |
Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен) |
|
7 |
Аудан тұрғындары арасында бруцеллез ауруынан сақтану шаралары жөнінде насихат жұмысын жүргізу |
Тұрақты түрде |
Ақсу аудандық мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары (келісуімен) |