1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Ақсу ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 26 қаңтарда N 2-4-83 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі N 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің 2009.04.06 N 2 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. 2009 жылғы қаңтар–наурыз айларында 1992 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуге алу жүргізілсін.
       2. Поселкелік, ауылдық округтерінің әкімдері:
      1) Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі белгілеген мерзімде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 1992 жылы туылған жасөспірімдердің тізімдерін тапсырсын;
      2) шақырушыларды аудандық қорғаныс істері бөліміне шақырылғаны туралы мерізімінде хабардар етіп, олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. алынып тасталды - Алматы облысы Ақсу аудандық мәслихатының 2009.03.02 N 01 Шешімімен.
       4. "Ақсу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Т.Даулетбекова), "Ақсу аудандық дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Қ.Исаев) жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғауды конституциялық міндетін мүлтіксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмыстарын жандандырсын.
       5. "Ақсу аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Т.Дәулетбекова):
      1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына тиісті мұғалімдер бөлсін және олардың орта білім алуын ұйымдастырсын;
      2) 1992 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін;
       6. "Ақсу ауданы ішкі істер бөлімі" мекемесі (Е.Қ.Сансызбаев, келісім бойынша):
      1) "Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге тұрудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруде және ұстауда өз құзыреті шегінде көмек көрсетсін.
       7. "Ақсу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.Т.Бекбаланов):
      1) "Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мүгедек деп танылған 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
       8. "Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Б. Жетібаев, келісім бойынша) осы шешімнің орындалуы туралы 2009 жылдың 5 сәуірінде аудан әкіміне хабарлама берсін.
       9. Аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 01 ақпанда 2-4-61 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Ақсу өңірі" газетінің 2008 жылғы 09 ақпандағы N 7 (9390) санында жарияланған, аудан әкімінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы "1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы" N 1 шешімінің күші аудан әкімінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 2 шешімімен жойылды.
       10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қорғанбаев Сәбит Бейсебекұлына жүктелсін.
       11. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ә. Дүйсембаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады