Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2008.12.24 N 3412 Қаулысымен
Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағының 10-тармақшасына және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрлігінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық Ережені бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып және Еңбешіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 21 мамыр айындағы N 2-08/243 ұсынысына сәйкес шектеу қою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саймасай селолық округіндегі ірі қара мал, Тескенсу және Рахат селолық округтеріндегі ұсақ малдарының, сарып ауруын жою мақсатында шектеу қойылсын.
2. Сарып ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жоспарға сәйкес бекітілсін (қосымша екі парақ).
3. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Саймасай, Тескенсу және Рахат селолық округтеріндегі тұрғындары арасында санитарлық-эпидемиологиялық ағарту жұмыстарын күшейтіп, сарып ауруы тіркелген ошақтарда және ол округтегі ауыл тұрғындарынан сарып ауруына қан алу жұмыстары жүргізіліп үнемі бақылауға алынсын.
4. Саймасай, Тескенсу және Рахат селолық округтеріндегі ветеринариялық инспекторлар малдардың қозғалысын және бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалау жүмыстарын қатаң түрде жүргізсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа жүктелсін.
Аудан әкімі Ә. Тойбаев
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 26 мамырдағы
N 2032 қаулысына
қосымша
Саймасай, Тескенсу және Рахат селолық округтердегі малдары сарып ауруымен ауырғанына байланысты орындалатын ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың ЖОСПАРЫ
N |
Ветеринарлық- |
Орындау |
Орындаушы |
Кімнің |
1 |
Қолайсыз ошаққа |
үнемі |
Аудандық |
Аудандық ауыл- |
2 |
Ауру шыққан |
үнемі |
Комиссия |
Аудандық |
3 |
Ауру малды шұғыл |
үнемі |
Мал иесі |
Селолық округтің |
4 |
Ауру малды алу |
үнемі |
комиссия |
Аудандық |
5 |
Мал тұрған қораны |
үнемі |
Мал иесі |
Селолық округтің |
6 |
Мал тұрған қораға |
үнемі |
Лицензиялы мал |
Селолық округтің |
7 |
Қалған малдан |
үнемі |
Лицензиялы мал |
Селолық округтің |
8 |
Екі рет таза |
үнемі |
Лицензиялы мал |
Селолық округтің |
9 |
Ауру ошақта |
үнемі |
Лицензиялы мал |
Селолық округтің |
10 |
Қолайсыз ошақтан |
үнемі |
Аудандық |
Аудандық |
11 |
Адамды сарып |
|||
1) Арнайы киімі |
үнемі |
Мал иесі |
Селолық округтің |
|
2) Қолжуғыш, |
үнемі |
Мал иесі |
Селолық округтің |
|
3) Кір киімді |
үнемі |
Мал иесі |
Селолық округтің |
|
4) Үш тастаған |
үнемі |
Мал иесі |
Селолық округтің |
|
5) Құрал-сайман, |
үнемі |
Мал иесі |
Селолық округтің |
|
6) Сарып ауруына |
үнемі |
Мал иесі |
Селолық |
Аудандық ауыл шаруашылық
бөлімінің бастығы Б. М. Бименов
Аудандық аумақтық инспекциясының
бас мемлекеттік ветеринарлық
инспекторы М. Т. Мұстафаев