Ақши және Бөлек селолық округтердегі ұсақ малдарының сарып ауруын жою мақсатында шектеу қою туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 6 тамыздағы N 2863 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Еңбешіқазақ ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 5 қыркүйекте N 2-8-99 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы N 867 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2009.08.24 N 867 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасы "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық Министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 632 "Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық Ережені бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып және Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік бас ветеринариялық инспекторының 2008 жылғы 28 шілде айындағы, N 9 ұсынысына сәйкес адамдарды сарып ауруынан қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Ақши және Бөлек селолық округтердегі ұсақ малдарының сарып ауруын жою мақсатында шектеу қойылсын.
       2. Сарып ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
       3. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық кадағалау басқармасы Ақши және Бөлек селолық округтердегі тұрғындары арасында санитарлық-эпидемиологиялық ағарту жұмыстарын күшейтіп, сарып ауруы тіркелген ошақтарда және ол округтегі ауыл тұрғындарынан сарып ауруына қан алу жұмыстары жүргізіліп үнемі бақылауға алынсын.
       4. Ақши және Бөлек селолық округтерінің ветеринариялық инспекторы малдардың қозғалысын және бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қадағалау жұмыстарын қатаң түрде жүргізсін.
       5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
       6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бөлтірік Аусадықұлы Жақыповқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Ә. Тойбаев

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 6 тамыздағы
N 2863 қаулысына
қосымша

Ақши және Бөлек селолық округтердегі малдары сарып ауруымен ауырғанына байланысты орындалатын ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың ЖОСПАРЫ

N

Ветеринарлық-
санитарлық
шаралар

Орындау
мерзімі

Орындаушы

Кімнің
бақылауында

1

Қолайсыз ошаққа
аудандық әкімдігі
тарапынан шектеу
қою

үнемі

Аудандық
ауылшаруашылық
бөлімі

Аудандық ауыл-
шаруашылық
бөлімінің
бастығы

2

Ауру шыққан
қораны
эпизоотиялық-
эпидемиялогиялық
тексеру актісін
шығару

үнемі

Комиссия
құрамы

Аудандық
аумақтық
инспекциясының
бас мал дәрігер
инспекторы

3

Ауру малды шұғыл
түрде бөлу тиіс

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет. инспекторы

4

Ауру малды алу
және жою

үнемі

комиссия
құрамы және
Республикалық
мемлекеттік
қазыналық
кәсіпорын
"Республикалық
эпизоотияға
қарсы күрес
отряды"

Аудандық
ауылшаруашылық
бөлімінің
бастығы

5

Мал тұрған қораны
тазалап, көң мен
қиды далаға бір
жерге үйіп
шығарылуы тиіс

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет. инспекторы

6

Мал тұрған қораға
және сойылған
жерге
залалсыздандыру
жұмыстарын
жүргізу

үнемі

Лицензиялы мал
дәрігер, мал
иесі, РМҚК
"РЭО"

Селолық округтің
вет. инспекторы

7

Қалған малдан
2 рет қатарынан
15-30 күнде
қан алу

үнемі

Лицензиялы мал
дәрігер, мал
иесі, РМҚК
"РЭО"

Селолық округтің
вет. инспекторы

8

Екі рет таза
шыққан сау малды
3 айлық тәртіптің
бақылауға алу
немесе әр 45
күнде тағы 2 рет
қан алу

үнемі

Лицензиялы мал
дәрігер, мал
иесі, РМҚК
"РЭО"

Селолық округтің
вет.инспекторы

9

Ауру ошақта
қорытынды
залалсыздандыру
жұмыстарын
жүргізу, басқа
мал ауырмаса

үнемі

Лицензиялы мал
дәрігер, мал
иесі, РМҚК
"РЭО"

Селолық округтің
вет.инспекторы

10

Қолайсыз ошақтан
аудандық әкімдігі
тарапынан шектеу
алу туралы шешімі

үнемі

Аудандық
ауылшаруашылық
бөлімі

Аудандық
ауылшаруашылық
бөлімінің бастығы

11

Адамды сарып
ауруынан қорғау
шаралары және
жеке бастың
гигиеналық
талаптары:




1) Арнайы киімі
және аяқ киімі
болу керек;

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы

2) Қолжуғыш,
сүлгі, сабын,
1-көмек
көрсететін
аптечка;

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы

3) Кір киімді
салатын, жуатын
ыдыс болу тиіс;

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы

4) Үш тастаған
қозыларды,
бұзауларды
жинайтын ыдыс
және көметін
арнайы шұңқыр

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы

5) Құрал-сайман,
залалсыздандыру
препараттары
болуы тиіс;

үнемі

Мал иесі

Селолық округтің
вет.инспекторы

6) Сарып
ауруына
тексерілмеген
адамды мал
күтіміне жібермеу

үнемі

Мал иесі

Селолық
дәрігерлік
амбулаториясының
дәрігері

      Аудандық ауыл шаруашылық
      бөлімінің бастығы                          Б. М. Бименов

      Аудандық аумақтық инспекциясының
      бас мемлекеттік бас ветеринарлық
      инспекторы                                 М. Т. Мұстафаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады