РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабындағы 4-тармағын басшылыққа алып, Ескелді ауданы, Қаратал ауылдық округіне қарасты Қаратал және Теректі ауылдарының тұрғындарының пікірлерін және Ескелді аудандық ономастика кеңесінің келісімін ескере отырып Қаратал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы, Қаратал ауылдық округіне қарасты Қаратал, және Теректі ауылдарындағы төмендегі көшелердің атаулары өзгертілсін:
1) Ескелді ауданы, Қаратал ауылы, Береговая көшесі Тәуелсіздік көшесі деп ауыстырылсын;
2) Ескелді ауданы, Қаратал ауылы, Ленин көшесі Бопау батыр көшесі деп ауыстырылсын;
3) Ескелді ауданы, Теректі ауылы, Ташкент көшесі Бейбітшілік көшесі деп ауыстырылсын;
4) Ескелді ауданы, Теректі ауылы, Гагарин көшесі Ғарышкер көшесі деп ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Қаратал ауылдық әкімі Д. Идрисов