«Ақши ауылы мен Күрті елді мекеніндегі көшелерге жаңа атаулар беру туралы»

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Күрті ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 01 шешімі. Алматы облысы Іле ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 12 қарашасында № 2-10-101 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған. 

      ҚР "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" ҚР Заңының 14 бабы, 4 тармағы, Іле ауданы Әкімі жанындағы аудандық ономастика комиссиясының 03.04.2007 жылғы № 3 шешімі және 10.04.2008 жылғы № 3 шешімі негізінде округ әкімі шешім қабылдады:
       1. Ақши ауылы бойынша жаңа көшелерге Райымбек батыр – 564 м, Қарасай батыр – 540 м, Бәйдібек батыр – 564 м, Жетісу – 624 м, Бәйтерек – 604 м, Жастар – 584 м, Наурыз – 702 м, Достық – 688 м, Бірлік – 704 м, Береке – 762 м, Бейбітшілік – 762 м , Жеңіс – 484 м атаулары берілсін.
       2. Күрті елді мекені бойынша жаңа көшелерге Астана – 420 м, Алматы – 420 м, Тәуелсіздік – 420 м атаулары берілсін.
       3. Округ әкімінің қабылдаған шешіміне сәйкес көше атауларының дұрыс жазылуы мен көше атауы жазылған (тақтайша түсінің көгілдір болуы және ішіндегі жазудың ақ түспен жазылуы) тақтайшаларының белгіленген талапқа сай (20х50) жасалуы және көше белгісін көрнекті жерге орналастыру шараларын ұйымдастыру округ әкімінің орынбасары Қ.Рахимовқа жүктелсін.

      Күрті ауылдық округі әкімі                 С.Керімбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады