Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының18-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес, аудандық мал дәрігерлік зертхананың 2008 жылдың 4 мамырындағы N 261, 262 сараптамалары, Қаратал ауданының бас мемлекеттік мал дәрігерлік инспекторының 2008 жылдың 13 мамырындағы N 96, 97 хабарламалары және төтенше жағдай жөніндегі аудандық комиссияның 2008 жылдың 14 мамырындағы хаттамасы негіздерінде, Қаратал ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қанбақты ауылдық округінің "Ақжар" ауылына жеке аулаларында қой, ешкі малдары ішінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты, оны ары қарай таратпай жою мақсатында шектеу енгізілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Амандосовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім: Қ. Медеуов