Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 ақпандағы "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" N 5-30 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 16-75 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Қаратал ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда N 2-12-98 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009 жылғы 07 мамырдағы N 24-100 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2009.05.07 N 24-100 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабындағы 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы N 2-10-732 өтініш хатының негізінде Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. "Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу туралы" Қаратал аудандық мәслихатының 2008 жылғы 13 ақпандағы N 5-30 шешіміне (2008 жылғы 14 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-69 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 8 мамырдағы N 20 "Қаратал" газетінде жарияланған; 2008 жылғы 29 шілдесінде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-12-89 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 8 тамыздағы N 33 "Қаратал" газетінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
       2-бөліміндегі 1-тармағындағы "55 жасқа" деген сөзден кейін "толған әйелдер және 60 жасқа толған еркектер" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-бөліміндегі 1-тармақтағы "мүгедектер" деген сөзден кейін үтір таңбасы алынып тасталынып, "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2-бөліміндегі 1-тармақтағы "жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар" деген сөздер "денсаулық сақтау мекемесінде есепте тұрған адамдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-бөліміндегі 5-тармағының 5-тармақшасындағы "өзге де" деген сөздерден кейін табыс деген сөз алынып тасталып, "ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
       3-бөліміндегі 1-тармағының 4-тармақшасындағы "жылына бір рет" деген сөздерден кейін "үшінші немесе төртінші тоқсанда" деген сөздерімен толықтырылсын:
       2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                           Б.Ж. Смайылов

      Мәслихат хатшысы:                          М.Н. Рақымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады