Тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 04 ақпандағы N 9-1 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Көксу ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 12 ақпанда N 2-14-53 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 маусымдағы N 27-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу аудандық мәслихатының 2009.06.24 N 27-1 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабындағы 1-тармағының 15)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабындағы, 2-тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2008 жылғы 01 ақпандағы N 81-01-11/144 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Өздері жылытатын үйде тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       2. 0сы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А. Рахымбеков

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б. Қисметов

Аудандық мәслихаттың
тұрмысы төмен отбасыларына
тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібі және мөлшерін
белгілеу туралы 2008 жылғы
4 ақпандағы N 9-1 шешіміне
қосымша

Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі және мөлшері 1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына жергілікті бюджетінің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      4. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
       5. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап көмек алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      1. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары түрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 55 жасқа толғандар, күтімге мұқтаж деп танылған 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін деп танылған 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      2. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      3. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      4. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары (жалгерлік) оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса тұрғылықты жеріндегі поселкелік, ауылдық учаскелік комиссияға төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет) немесе жал шарты (жалдау);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда);
      5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
      6). коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен айға, тоқсан сайын);
      7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
      8) салық төлеушінің нөмірі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).
      5. Белгілі санаттағы тұлғалар үшін, жұмыссыз-жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, мүгедек-медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясынан анықтама, жалғыз басты ана-N 4 үлгідегі анықтама (Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімі берген).
      6. Поселкелік, ауылдық округ әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді.
      7. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс; (жұмыс жасамаса жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, бас бостандығынан айрылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда екендігін растайтын анықтама, туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) есепте тұрса немесе емдеуде, еңбекпен емдеу профилакториясында болғаны жөнінде анықтама өткізсе, Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетке тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда алимент есепке алынбайды);
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен кұс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына-қалалық жерде тұратындарға-бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға-алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады.
      13. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын үй көмегі;
      3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке ісін ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады.
       9. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне ұсынады.
       10. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын өтініш берушіден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
       17. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және қүжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары койылады.
       18. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
       19. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы кұрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      20 . Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.

3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

      21. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон;
      2) электр жүйесін қолдану;
      1 адамға - 45 киловатт;
      2 адамға - 90 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына - 150 киловатт;
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады.
      4) от жағу маусымына 3 тонна көмір.
       22. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін аудан әкімі тоқсан сайын бекітеді.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      23. Тұрғын үй көмегінің төлемі "Көксу аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен аудандық пошта бөлімі филиалы арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.

      Мәслихат хатшысы Б. Ж. Қисметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады