Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 8-44 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Райымбек ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 11 ақпанында N 2-15-52 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 22-110 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2009.03.31 N 22-110 Шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы " Заңының 97 - бабы 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1 - тармағы 15 - тармақшасына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
 

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы:                                   Ұ.Әбек


                                     Райымбек аудандық мәслихатының
                                      30 қаңтар 2008 жылғы № 8-44
                                      "Тұрмысы төмен отбасыларына
                                    (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
                                     көрсету тәртібі және мөлшерін
                                   белгілеу туралы" шешіміне қосымша


Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі және мөлшері

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі мен мөлшері (әрі қарай - тәртібі ) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы " Заңына сәйкес әзірленген және тұрғын үй көмегінің мөлшері мен беру тәртібін анықтайды.
      Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады, осы мекенде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына ( адамдарға) беріледі.
      Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
      Белгіленген нормадан артық тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтердің тұтыну төлемін азаматтар жалпы негіздер бойынша төлейді.
      Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі пәтері барлар немесе тұрғын үй, пәтерін жалға беруші тұрмысы төмен отбасылар ( адамдар) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      Тұрғын үй көмегін алу құқығы алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған тоқсаннан басталады. Тұрғын үй көмегі өткен тоқсанға төленеді.

1. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      1.Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін нақты төленген сомадан аспауы тиіс.
      
      2.Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде және осы мақсаттарға рұқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін меншік иесінің (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасы шығындарының айырмасы ретінде төленеді.
      
      3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ретінде төленеді.

2. Тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      1. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және «Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып - күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      
      2. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      
      3. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.

      4. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық, селолық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басының куәлігі (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) қозғалмайтын мүлікті бағалау және тіркеу басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда;
      3) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына бір рет) немесе жал шарты (жалдау);
      4) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда);Селолық округтерден № 3 анықтама (анықтама)
      5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен айға);
      6)коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек (өткен тоқсанға, тоқсан сайын);
      7) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда).

      5. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына-қалалық жерде тұратындарға- бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
      6) өзге де табысы туралы мәліметті өтініш беруші өзі жазу міндетті.
      Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй көмегi;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
      6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7) жеке iсiн ашуға және жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек (грант).
      Егер жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттiлiгiне қарай учаскелiк комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi жазбаша тапсырады.

      7. Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмiне ұсынады.

      8. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.

      9. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган отбасына түбіртек -ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді. Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.

      10. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.

      11. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы мәліметтерді Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауы керек.

      12. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй көмегін алушылар біле тұра жалған құжаттар (мәліметтер) ұсынуының салдарынан тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына және төленуіне, оның мөлшерінің дұрыс есептелмеуіне жол берген жағдайда, тұрғын үй көмегін алушылар артық алынған соманы бір жыл ішінде ерікті түрде қайтаруы тиіс.Ерікті түрде қайтармаған жағдайда - сот тәртібімен қайтарады.
      
      13. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) көмір от жағу маусымына ( 6 айға ) 3 тонна, ал айына 0,5 тонна
      2) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон
      3) электр жүйесін қолдану:
      - 1 адамға - 45 квт
      - 2 адамға 90 квт
      - 4 және одан көп тұратын отбасына - 150 квт
      4) ауыз сумен қамту белгіленген тиісті нормаларға сәйкес

      2. Тұрғын үй көмегін төлеу

      Тұрғын үй көмегінің төлемі "Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен аудандық поштаның арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың дербес шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады