Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 қаңтардағы N 8-45 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 5 ақпанда N 2-17-55 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 32-205 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2010.03.18 N 32-205 шешімімен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері 1, 2, 3, 4 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
       2. Сарқан аудандық мәслихатының 2005 жылдың 30 маусымдағы N 23-127 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" Сарқан ауданының әділет басқармасында Нормативтік құқықтық келісімдердің мемлекеттік тіркеу тізімінде 2005 жылдың 18 шілдесінде 2-17-7 нөмірінде тіркелген шешімнің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      8-ші сессиясының төрағасы:                 С. Турсумбаев

      Сарқан аудандық
      мәслихатының хатшысы:                      Ғ. Рахметқалиев

      КЕЛІСІЛГЕН:
      Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы:                          О. Тертюбаев

      Аудандық қаржы
      бөлімінің бастығы                           Э. Иманғалиева

Сарқан аудандық мәслихатының
"Өздері жылытатын үйде тұратын
тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға)тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі
және мөлшері туралы"
2008 жылғы 26 қаңтардағы
N 8-45 шешіміне
1 қосымша

Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері

1. Жалпы ережелер

      Осы тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері (әрі қарай - тәртібі) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастар туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2004 жылдың 9 қыркүйегіндегі "Телефонға төленетін абоненттік тарифтердің көтерілуіне жәрдемақы төлеу мәселелері туралы" N 949 қаулысына сәйкес әзірленген және тұрғын үй көмегінің мөлшері мен беру тәртібін анықтайды.
      1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік корғаудың бір түрі болып табылады.
      2. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары белгіленген әлеуметтік нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      4. Телекоммуникациялар жүйесінің абоненттері болып саналатын әлеуметтік қорғауға жататын азаматтарға телефонға төленетін абоненттік тарифтердің көтерілуіне жәрдемақы - ақшалай төлемақы тұрғын үй көмегінің құрамына кіреді. Телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу шығындарын өтеуге арналған және қолданылып жүрген тариф пен 2004 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша қалыптасқан тариф арасындағы айырма ретінде белгіленетін ақшалай өтемақы.
      5. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйін жалға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      6. Тұрғын үй көмегін алу (өтініш беруші) қажетті құжаттарды тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға, ал ауылдық жерде - кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне табыс етеді.
      7. Тұрғын үй көмегін алу (өтініш беруші) қажетті құжаттармен тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.

2. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметтер үшін нақты сомадан аспауы тиіс.
      9. Тұрғын үй көмегінің мөлшері телефонға төленетін абоненттік тарифтің көтерілуіне орай абоненттік төлемдердің, өтемақы төлемдерін қамтамасыз ететін нормалар шегінде және осы мақсаттарға рұқсат етілген шегінің деңгейі арасындағы тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін меншік иесінен (жалдаушының) нақты төлемі мен отбасы шығындарының айырмасы ретінде есептеледі.
      10. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызмет, байланыс шығындарын өтеу ретінде беріледі.

3. Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      11. Жұмыс істейтін, өздігінше жұмыс істейтін (өз ісі және істеген өзге де табысы туралы түсініктеме), зейнеткерлер, іштей оқу орнында оқитын студенттер, 55 жасқа толғандар, 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтарға, мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқықты.
      Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер және бас бастандығынан айырылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда болса отбасының құрамына есептелмейді.
      Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
      12. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға  айырылады.
      13. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке  тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      14. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса уәкілетті органға немесе ауылдық, селолық округтің әкіміне төмендегі құжаттарды ұсынады:
      1) Отбасының құрамындағы азаматтарды куәландыратын құжаттар  (жылына бір рет келесі жылдық қайта аттестаттау немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
      2) тұрғын үй құқығын куәландыратын құжаттар (жылына бір рет) немесе жалға алу беру, сенімхат (жалдау);
      3) азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет немесе қандай да болса өзгерістер болғанда) және отбасының құрамы туралы анықтама (тоқсан сайын);
      4) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен  тоқсанға). Табыстардың түрлерінің құжатпен растауға жататындар: еңбекпен тапқан табыс, зейнетақы, жәрдемақы және алименттер. Алимент төлеуші:
      жұмыс жасамаса және жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген болса (анықтама өткізсе);
      бас бостандығынан айырылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда болса (анықтама өткізсе);
      туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) есепте тұрса немесе емдеуде, еңбекпен емдеу профилакторияларында болса (егер анықтама өткізсе);
      Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетке тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда алиментті есепке алмай отбасының жиынтық табысына есептелмейді.
      5) Белгілі санаттағы азаматтар үшін, қосымша құжаттар дайындау керек: жұмыссыз - жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, мүгедек - медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясынан анықтама, жалғыз басты ана - N 4 үлгідегі анықтама (Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімі берген);
      6) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртек(өткен тоқсанға, тоқсан сайын), газдың және көмірдің тұтыну түбіртегі алынбайды және отбасына норма мен тарифтер бойынша есептелсін.
      7) Егерде басқа коммуналдық қызметтердің түбіртегі болмаса онда өтініш берушінің отбасына есепке нақтыланған және нормасы есептелінбейді;
      8) аудандық телекоммуникация жүйесінің абоненті болып саналатындығын дәлелдейтін құжаттар (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметіне есеп айырысу - түбіртек).
      15. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың мынадай түрлері есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
      2) он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
      3) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына әлеуметтік көмек;
      4) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен кұс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына - қалалық жерде тұратындарға - бес айлық есептік көрсеткіш, ауылдық жерлерде тұратындарға - алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
      6) өзге де табыс.
      16. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1. мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2. тұрғын үй көмегі;
      3. жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
      4. бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
      5. ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
      6. оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
      7. жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
      8. төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
      17. Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін есептегенде көмірге әлеуметтік норма бойынша отбасына 3000 килограмнан аспау керек, есептеу мерзімі жылдың алты айына есептелінеді. Аудан бойынша көмірдің бағасын есептеу үшін Сарқан ауданының әкімдігі бекітеді.
      18. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдап алғаннан кейін, қажеттілігіне қарай учаскелік комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргізуді жазбаша тапсырады.
      19. Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының  мұқтаждығы туралы қорытындыны тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне ұсынады.
      20. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі өтініш берушілердің құжаттарын өтініш берушіден құжаттар кабылданған күннен бастап он бес күннен кешіктірмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органға тапсырады.
      21. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі және қайта аттестаттаудан өтетін күні белгіленеді.
      Түбіртек-ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      22. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
      23. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      24. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
      Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.
      25. Тұрғын үй көмегінің төлеуі жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің таңдау бойынша жәрдемақыларды төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдармен жасалған Агенттік келісім негізінде жүзеге асырылады.

4. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормалар

      26. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормалар қабылданады:
      1) газ тұтыну - 1 айға 1 кішкене баллон;
      2) электр жүйесін қолдану:
      1 адамға - 45 киловатт;
      2 адамға - 90 киловатт;
      4 және одан көп адамнан тұратын отбасына - 150 киловатт;
      3) сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады;
      4) от жағу маусымына 3 - 5 тонна көмір.
      27. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін Сарқан ауданының әкімі бекітеді.

Сарқан аудандық мәслихатының
"Өздері жылытатын үйде тұратын
тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға)тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі
және мөлшері туралы"
2008 жылғы 26 қаңтардағы
N 8-45 шешіміне
2 қосымша

Сарқан аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы_____________
аты, жөні____________________
мекен жәйі___________________

Өтініш

      Тұрғын үй коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
      Өздері жылытатын үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрған үй көмегін көрсету тәртібімен таныстым. Өзгерістер болған жағдайда олар туралы 15 күн ішінде хабарлауды міндеттенемін.
      Менің, әйелімнің (күйеуімнің) және 16 жасынан асқан  балаларымда екінші мекен-жайым жоқ екендігін растаймын.
      Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаным үшін және   қайта аттестаттаудан өтетін күні жауапкершілігім жайында алдын-ала ескертілгенмін.
      Өтініш берушінің отбасының құрамы:
      __________________________________(А. Т. Ә.)(Қыз кезіндегі аты)
      __________________________________(А. Т. Ә.)(Қыз кезіндегі аты)
      __________________________________(А. Т. Ә.)(Қыз кезіндегі аты)
      __________________________________(А. Т. Ә.)(Қыз кезіндегі аты)
      __________________________________(А. Т. Ә.)(Қыз кезіндегі аты)
      __________________________________(А. Т. Ә.)(Қыз кезіндегі аты)
      Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі_______________________
      Кім берген_________________________ "____"_____________200___ж.
      Әлеуметтік жеке коды N ________________________________________
      Салық төлеушінің нөмірі N _____________________________________
      Жеке шоттың N ______________________ банк атауы _______________
      "____"_________________2008 ж.       Қолы _____________________
      _______________________________________________________________
                            (қию сызығы)
      Аты жөні____________________қайта аттестаттаудан өтетін күніңіз
      "____"_________________2008 ж.
      Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мерзімі______________________
      Мөлшері__________________________________________________ теңге
                               (жазбаша)
      Құжаттарды қабылдап алған маманның аты жөні____________________
      _________________________________"____"_________________2008 ж.
      қолы_____________________________

"Өздері жылытатын үйде тұратын
тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға)тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі
және мөлшеріне"
N 3 қосымша

Қорытынды акт N______

      __________________________округі учаскелік комиссиясының өздері жылытатын үйде тұратын тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тұрмысы төмен азаматтың және жанұя мүшелерінің материалдық жағдайлары жөніндегі қорытынды актісі
      "____"________________200_ж.
      Өтініш иесінің аты - жөні:_____________________________________
      Мекен-жайы:
      1) тіркеу бойынша__________________________________
      2) нақты тұратын жері__________________________________________

I. Материалдық жағдайының нәтижелері:

      1 .Өздері жылытатын үйде тұратын тұрғын үй көмегін алуға өтініш берген тұрмысы төмен отбасының өткен тоқсандағы табыстары:

N

Осы
мекен-
жайда
тұратын
отбасы
мүшелерінің
аты-жөні

Өтініш
иесіне
туыстық
жақындығы

Туған
жылы

Іс жүзінде расталғаны


Табыс сомасы

Ең-
бек
ақысы

Зей-
нет-
ақы

Жәр-
дем-
ақы
түр-
лері

Қо-
ғам-
дық
жұ-
мыс,
кә-
сіп-
тік
оқу

Али-
мент-
-тер

Басқа
да
жұмыс-
тардан
түскен
табыс





















      Өтініш иесінің, жанұя мүшелерінің_________тоқсандағы табысы
      _________________________ теңге.

II. Комиссияның қорытындысы:

      1. Қосалқы шаруашылықтан түскен табысы 6 (АЕК) мөлшерінде
      есептелсін. Есептелінбеген жағдайда, себебі:
      _______________________________________________________________

      Өздері жылытатын үйде тұратын азамат (ша),
      _________________________ тұрғын үй көмегі (берілуі берілмеуі)
      керек.                                    (керексізі сызылсын)

      Жанұяға берілмесе себебі керсетілсін
      ______________________________________________________________

      Учаскелік комиссия                        Учаскелік комиссия
      мүшелерінің аты-жөні:                    мүшелерінің қолдары:

"Өздері жылытатын үйде тұратын
тұрмысы төмен отбасыларына
(азаматтарға)тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі
және мөлшеріне"
N 4 қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындауға ШЕШІМ
Құжат N

      Отбасы кірісі:
      еңбекақы                    ______________
      әлеуметтік жәрдемақы        ______________
      алимент                     ______________
      жеке қосалқы шаруашылық     ______________
      зейнетақы                   ______________
      қоғамдық жұмыстан төлемақы  ______________
      өзге де табыстар            ______________
      бір айдағы табысы           ______________
      Өтініш берген уақыты: "____"______________200_ж.

Коммуналдық
қызмет түрлері

Нақты
төленгені

Әлеуметтік норма

норма

тариф

сомасы

Газ


1 баллон



Электр жүйесі


45 кв



Су





Көмір


500 кг
1 айға



Барлығы




0

Телефон





Кірісінің
10 % үлесі




0

Ай сайынғы
тұрғын үй көмегі




0

Барлығы тоқсанға





      Есеп жүргізген маман_________________

      Бөлім бастығы________________________

      Аудандық бөлім бастығы_______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады