РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағын және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алмалы ауылдық округіндегі "Тал-тал" қыстағындағы қой-ешкі малдарынан сарып ауруының туындауына байланысты, сарып ауруына қарсы шектеу шаралары қойылсын.
2. Сарып ауруынан айықтыру мақсатында ветеринариялық-санитарлық және медициналық шараларды жүзеге асыру ісі "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Сарқан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын (келісім бойынша).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Әлібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Бекішов |