Сарқан ауданындағы тіркелген салықтың 2009 жылы салынатын салық ставкалары туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 19-109 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қаңтарда N 2-17-67 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Сарқан ауданы бойынша салық басқармасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 4440 ұсынысын қарап, Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексінің) 422-бабының 12-тармақтарына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Сарқан ауданындағы барлық тіркелген салықтың 2009 жылы салынатын базалық ставкалары бір объектіге шаққанда төмендегідей бекітілсін.
       2. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Сарқан аудандық
      мәслихатының кезектен
      тыс 19 сессиясының
      төрағасы:                                  Ж. Құлахметова

      Сарқан аудандық
      мәслихатының хатшысы:                      Ғ. Рахметқалиев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Сарқан ауданы бойынша
      салық басқармасының
      бастығының міндетін
      атқарушы:                                  Г. Имансерікова
      26 желтоқсан 2008 жыл

Рет

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады