Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2009.12.08 N 26-152 Шешімі және Талғар ауданы әкімдігінің 2009.08.12 N 12-666 Қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының "Жер туралы" Кодексінің 50 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Талғар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ұтымды пайдалану мақсатында жерлерді пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, ең аз мөлшері келесі көлемде белгіленсін:
1) Егістік – 0,25 га.
2) Тыңайған жер – 0,25 га.
3) Көп жылдық екпелер – 0,25 га.
4) Табиғи шабындықтар мен жайылымдар – 0,5 га.
2. Талғар аудандық жер қатынастары бөлімі жер есебі құжаттамасына тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Мақатов Амангелді Айдосұлы
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ыдралиева Рая Мұсақызы
Аудан әкімі Өмірәлиев Талғат Әбенұлы